№47 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Туткабаева Әлия Ноғайқызының рефлексиялық есебі » КГУ "Общеобразовательная школа №47"Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№47 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 254-88-79
Бухгалтер:
+7(727) 390-12-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №47 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Туткабаева Әлия Ноғайқызының рефлексиялық есебі
24
ноябрь
2018

№47 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Туткабаева Әлия Ноғайқызының рефлексиялық есебі

№47 жалпы білім беретін мектептің  бастауыш сынып мұғалімі

Туткабаева Әлия Ноғайқызының  рефлексиялық есебі

Тақырыбы: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

Мақсаты: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердерді сабақ барысында тиімді пайдалану жолдарымен таныстыру және тарату.

«Баланың  ынтасын арттыру  үшін  оқытылатын  нәрседе  бір  жаңалық  болуы  керек» деп  Ж.Аймауытов  айтқандай  әр  сабақты  жаңаша түрде  өтуге  ұмтылу  қажеттігі әрдайым туындайды. Мен бүгінгі семинарымды ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырудан бастадым. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру оқушылардың әрқайсысымен өзара сыйластық пен сенімге негізделген қарым- қатынас орнату үшін маңызды болмақ. Менің бүгінгі сабақта қолданған ынтымақтастық атмосфера «Сиқырлы қобдиша»деп аталады.

 Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын айтады.
Рефлексия: сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке-жеке қошемет көрсетейік.
Сыйлықтарыңыз құтты болсын!

<!--[if gte vml 1]> <!--[if !vml]--><!--[endif]-->

Топтық жұмыс – бұл білім алушылардың сабақтағы іс-әрекетін ұйымдастырудың бір түрі деп білемін. Топқа бірігудің өзіндік ерекшелігі бар.Топқа бірігіп жұмыс істеу ұйымшылдыққа тәрбиелейді, өз ойларын ортаға салып, бір-бірінің білетін ақпараттарымен алмаса алады.Топтық жұмысқа барлық топ мүшелері қатыса алады және өз ойларын ортаға салып, бір шешімге келеді. Мұғалімермен  «Атомдар мен молекулалар» әдісі арқылы бөліндік. Мұнда молекулалар атомдардың жиынтығы екендігі баршаға да мәлім екенін айта өттім. Мұғалімдер  сыныптың бос жеріне жиналады. Ойынды жүргізуші «Атомдар!» деп дауыстағанда, олар бір-бірімен араласып, әрілі-берілі жүруі керек, өйткені олар қазір броундық қозғалыстағы атомдар іспетті. Ал,жүргізуші «Молекулар!» деп айтып, бір санды атаса (мәселен, үш немесе төрт,бес, алты) оқушылар сол аталған сан құрамында топтарға жедел түрде бірігуі керек. Қалыс қалған оқушылар (топ құрамын аталған саннан кем құрғандар) айып ретінде бір тапсырма орындайды: өлең оқиды, ән айтады т.с.с.

   Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – мұғалімнің мүмкіндігін жоғарылататын құрал. Компьютердің мүмкіндіктерін психологиялық және дидактикалық тұрғыда талдап, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолдану, ішкі тиімділігіне көңіл бөлу мұғалімнің шеберлігі болып табылады.

<!--[if !supportLists]-->*       <!--[endif]-->Жаңа АКТ-ны сабақта пайдаланудың тиімділігі:
Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді;
Ақыл - ойын дамытады;
Шығармашылық белсендігін арттырады;
Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді;
Тіл байлығын жетілдіреді,- деп ойлаймын.

Қорыта айтқанда , ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сабақта қолдану – бұл оның нәтижелігіне қолайлы жағдайды жасаудың бірден-бір жолы, ал ол өз кезегінде бірлесе жұмыс жасауға, адами қарым-қатынастарға себепкер болады.

Мен бүгінгі сабағымда өзімнің математика пәнімнен электронды оқулықты пайдалану жолдарымен таныстырдым.

<!--[if gte vml 1]> <!--[if !vml]--><!--[endif]-->     <!--[if gte vml 1]> <!--[if !vml]--><!--[endif]-->

 

     Сабақта қолданылатын жаңа  әдіс-тәсілдерге келетін болсақ, мен бүгінгі сабағыма«ВЕЕР»әдісін қолдандым. Мұнда қағазды веер пішінінде бүктеп, бірінші оқушы бір бөлігіне сабаққа қатысты сұрақтар жазып шығады, екінші оқушы екінші бөлігіне қысқаша жауап жазып тапсырады.

<!--[if gte vml 1]> <!--[if !vml]--><!--[endif]-->         <!--[if gte vml 1]> <!--[if !vml]--><!--[endif]-->

                   <!--[if gte vml 1]> <!--[if !vml]--><!--[endif]-->

      «Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққан.Мұғалім оқушыларды өзін-өзі бағалауға және өзгені бағалауға үйреткені дұрыс деп ойлаймын. Өзін өзі бағалаудың пайдасы бала өзінің қатесін мойындауға үйренеді, сондықтан бала ең алдымен өз жұмысын өзі бағалап көреді. Сондай-ақ бала өзгенің де жұмысына баға беріп үйренеді. Бүгінгі бағалау түріне «Бағдаршамды» алдым. Мұнда оқушылар түсінгендікті көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекі құрал ретінде пайдаланыңыз. 

Мысалы: оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар тақтаға іледі немесе жоғары көтереді (қызыл = түсінбедім, сары=түсінгендеймін, жасыл = барлығы түсінікті).

Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып өздерін бағалайды. Мұғалімге көрсетілген бағалауды оқушылардың күнделіктеріне жазуына болады.  

Сыныптастары бағдаршам түстерінің көмегімен таныстырылымдарды және т.б. бағалайды.

            Ойымды қорыта отырып, “Білім беру сапасын жоғарылату үшін әр мұғалім өзінін кәсіби құзыреттілігін арттыру керек” деген ұсыныс жасағым келеді.