"Ата-ана тәрбиесі - балаға үлгі" аудандық семинар » КГУ "Общеобразовательная школа №47"Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№47 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 254-88-79
Бухгалтер:
+7(727) 390-12-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
март
2024

"Ата-ана тәрбиесі - балаға үлгі" аудандық семинар

Алматы қаласы Медеу ауданы

№47 жалпы білім беретін мектеп

2024ж. 12 наурыз   күні Алматы қаласы Медеу ауданына қарасты № 47 жалпы білім беретін мектебінде  Біртұтас тәрбие  бағдарламасы аясында – Ұлттық, мүдде құндылықтарына  негізделген «Ата-ана тәрбиесі – балаға үлгі» тақырыбында аудандық семинар болып өтті.

Семинарға ауданның 28 мектебінің  директорлары қатысты.










Семинардың басты   ерекшелігі: 2023 жылы  Алматы қаласы Білім басқармасының жолдауымен маусым,тамыз аралығында мектеп директорлары Сингапур мемлекетіне тәжірибие алмасу ретінде 10 күндік іс сапарда болып қайтты, осыған орай аудандық мектеп басшылары Сингапур мемлекетінен  алған тәжірибесімен бөлісуде. Сингапурлықтардың   оқу тәрбие бағдарламасын басшылыққа   ала отырып, ұлттық құндылықтарға бағытталған төрт бағытын Біртұтас тәрбие   бағдарламасымен ұштастыра отырып, үлкен нәтижеге жете аламыз. Осы орайда, № 47 жалпы білім беретін мектепте  «Отбасы  құндылығы – ұлттық  тәрбие» атты тақырыбында ұстаздар  арасында  этно-ұлттық сайыс ұйымдастырылды және«Трансформациялық ойындар арқылы отбасылық құндылықтарды нығайту» тақырыбында тренинг өтті.

Семинардың мақсаты: Отбасы мәдениетін қалыптастыра отырып, бала бойына ұлттық құныдылықтарды сіңіру және педагогтар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастың жаңаша әдістерін қолдану.                  Сминар барысында, «Отбасында бала бойына ұлттық құндылықтарымызды ойын арқылы қалай сіңіруге болады?» деген мәселе көтерілді. Осы сұрақ төңірегінде қарастырылған, яғни ата-аналар арқылы бала бойына мәдени мұра мен ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда қандай әдіс-тәсілдерді қолдануға болатындығы сөз етілді. «Ұлттық құндылықтарымыздан ажырап бара жатқанымыз бүгінгі күні  қоғамдық мәселе болып отыр.  «Баланы өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле»-деген. Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы баспалдағы. Тек қана отбасы бізге өмір үйрететін сабақтардан сүрінбей өтуге көмектеседі, ұлттық құндылыққа баулыйды. Отбасы – бала бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың қайнар бұлағы, бастауы. Әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастар жүйесін, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, даналық сөздерді, тыйым сөздерді, тәрбиелік мәні жоғары үлгілерін сіңіретін де отбасы. Сондықтан кез келген сатыда тәрбиелі білім беру ата-ана мен ұстаздың міндеті.                                                                                         Мұғалім мен  ата-ананың   бала  тәрбиесінде  көздеген   мақсаты қандай?                          

 1.«Жақсылық жасау –игі іс»   қағидасымен  тәрбиелеу.                                                                          

 2.« Өмірің  мәнді өтуі үшін оны жоспарлау  біл»   қағидасын ұстана  отырып, уақытты тиімді пайдалану  әдістерін  үйрету.                                                                         3. "Көшбасшылық - жауапкершілікті мойнына алу» қағидасын ұстану.                                                     

4.«Өзіңді құрметте.  Өзгені  де   құрметте. Өзіңді  құрметте  те   біл» ұстанымында  тәрбиелеу.                     

5. Ұлттық   құндылықты  бағалайтын  нағыз ұлтжанды  азаматты тәрбиелеу.                                            

6. «Еліне  адал  қызмет ету»   парасат жолындағы ізгілікті істер» қағидасын ұстану. Сонымен қатар семинар барысында трениг ұйымдастырылды.                                  Тренингтің ерекшелігі: «Бақыт құшағында» деп аталатын ұлттық және отбасылық құндылықтарға, еліміздің құнды жәдігерлері мен батыр тұлғаларының ерлік істері, ел мен жер тарихына және отбасы мүшелерінің бірлігі мен ынтымағын нығайтуға арналған өте  қызықты  отбасылық ойын көрсетілді. Сондай-ақ, «қазақ киіз үйін» құрастыру ойыны. Мұнда қазақ үйдің әр бөліктеріне сұрақтар жасырылған. Ол сұрақтарда қазақ халқының тұрмысқа қажетті бұйым атаулары берілген. Қазақ халқының қандай жиын тойы болмасын өлең, ән-жырсыз өтпеген. Бұл тренингте ән де айтылды. Ол әндерді айту барсында қазақтың ұлттық аспаптары қолданылды. Жоғарыда аталған  әдіс-тәсілдердің  барлығы дерлік, қазіргі күні ұмытылып бара жатқан қазақтың салты бойынша жүзеге асырылды. Қолқа салу,  кәде-сый беру, киіз  басу, бес тас ойыны.  Ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрімізді қайта жаңғыртқан жоғары деңгейдегі семинар   болды.  

Қорыта келгенде,  өскелең жас ұрпаққа жалпыадамзатты  ұлттық   құндылықтарды  құрметтеуге  тәрбиелеу, ұлттық  құндылықтар – біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру. Ұлттық  сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса  алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра  алатын   ұлтжанды  тұлғаны  тәрбиелеу. Біздің келешегіміз – жас ұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы екенін ұмытпайық.