Алматы қаласы Білім басқармасының
"№47 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 254-88-79
Бухгалтер:
+7(727) 390-12-14
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Free time activities. I like playing/I don’t like playing» тақырыбында ашық сабақ
29
январь
2025
«Free time activities. I like playing/I don’t like playing»
29.01.2025ж.күні ағылшын тілі пәні мұғалімі Жубатова Б.А. 3 «Ә» сынып оқушыларымен «Free time activities. I like playing/I don’t like playing» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабаққа директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Атанбаева Г.Н., ағылшын тілі пәні мұғалімі Макулбекова Б.Н. мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дәукен М. қатысты. Сабаққа байланысты өз ескертпелерін , өз ойларын білдірді.
«Мен әлемді танығым келеді»
29
январь
2025
«Мен әлемді танығым келеді»
29.01.2025 ж.күні «Мен әлемді танығым келеді» тақырыбында ағылшын тілі пәні мұғалімі Макулбекова Б.Н. 9-10 сынып арасында сыныптан тыс шара өтті.
«Сен өз еліңнің тарихын білесің бе?» сыныптан тыс іс-шара
27
январь
2025
«Сен өз еліңнің тарихын білесің бе?» сыныптан тыс іс-шара
27.01.2025ж. күні «Сен өз еліңнің тарихын білесің бе?» атты тақырыпта Қазақстан тарихы пәнінен 5 «Ә» сынып оқушыларымен Ибрагимова Б.Д. сыныптан тыс шара өткізді.   
Қоғамдық – гуманитарлық әдістеме бірлестігінің онкүндігі
27
январь
2025
Қоғамдық – гуманитарлық әдістеме бірлестігінің онкүндігі
 Қаңтар айының 27-і мен ақпан айының 7-і аралығы қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі мен тарих пәндерінің онкүндігі. Мақсаты: Тіл мен тарих-ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін , еліміздің тарихын құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету.
СЫНЫП   САҒАТЫ
27
январь
2025
СЫНЫП САҒАТЫ
«Заң және Тәртіп»  құндылығы   «Сынған кездердегі алғашқы медициналық көмек. Қан аққан кездегі алғашқы медициналық көмек» ЖЖЕ. Қауіпсіздік сабағы (10 минут) «Қиын кезеңдердегі достық: жанжалда досыңызға қалай қауіпсіз көмектесуге болады?" тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты:құқықтық жүйе мен адам құқықтарының негіздерін білу. Тәртіп пен әділеттілік нормалары мен  ережелерін сақтау. Қоршаған ортаға мейрімділік, қайырымдылық таныта білу, 
"Ленинград блокадасы"
27
январь
2025
"Ленинград блокадасы"
27.01.2025ж. "Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды" деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпаққа тарихымызды тереңінен ұғындыру мақсатында 900 күнге созылған Ленинград блокадасы, 900 күнге созылған аштық жайында оқушыларға түсіндірмелі жұмыстар жүргізілді. Ленинград блокадасы 1941 жылы 8 қыркүйекте басталып, 1944 жылы 27 қаңтарда Ленинград блокададан азат етілді.  Осы тарихи кезеңге Ж.Жабаев "Ленинградтық өренім" атты өлеңін арнады. 
Ата-аналар жиналысы "Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету"
24
январь
2025
Ата-аналар жиналысы "Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету"
"Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету" Ата-аналарды педагогикалық қолдау көрсету орталығының жобасы аясында 1-11 сынып  ата-аналары арсында "Отбасы - бақыт бесігі", "Жасөспірімді қалай түсініп, қабылдауға болады?", "Тұлғаның қалыптасуы: тәуелсіздік құқығы"  тақырыбында  жиналыс болып өтті. Тренинг кезінде ата-аналарға  әртүрлі ойын ойнау арқылы, ата-аналар отбасына, бала тәрбиесіне деген ойларын ашып айтты.   
СЫНЫП  САҒАТЫ
23
декабрь
2024
СЫНЫП САҒАТЫ
23.12.2024ж. Желтоқсан айының соңғы аптасында "Жол көлік оқиғасындағы жарақат, алғашқы көмек", «Абайлаңыз, жұқа мұз», «Ойынға салауатты көзқарас» тақырыбында өтті... (видеоролик көрсетіледі) Оқушылардың қысқы демалысқа шығуына байланысты қауіпсіздік ережелері ескертілді. (1-11 сынып)
СЫНЫП  САҒАТЫ
09
декабрь
2024
СЫНЫП САҒАТЫ
09.12.2024ж. Тәуелсіздік күніне арналған сынып сағаты болып өтті. Оқушыларға еліміздің   тарихы туралы мағлұмат беру, туған елін, жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін түсіндіру.
СЫНЫП  САҒАТЫ
09
декабрь
2024
СЫНЫП САҒАТЫ
09.12.2024ж.   9 «Ә», 9 «А» сынып жетекшілері А.А.Толымбетова., А.С.Асемов,   9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл күніне байланысты сынып сағатын өтті. Мақсаты:  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, жас өспірімдердің заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру, рухани адамгершілікке тәрбиелеу.