Алматы қаласы Білім басқармасының
"№47 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 254-88-79
Бухгалтер:
+7(727) 390-12-14
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
СЫНЫП  САҒАТЫ
30
сентябрь
2024
СЫНЫП САҒАТЫ
30.09.2024 ж. 1-11 сыныптар арасында «КӨМЕК» бағдарламасы /Тәуелсіздік және отаншылдық/Лудомания Кибербуллинг атты бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты:оқушыларға кибербуллинг, лудомания түсініктерімен таныстыру. Әртүрлі танымал нәрсеге қызығушылығын танытпауға оқушыларды тәрбиелеу.Қауіпті  сайттардан оқушыларды арашалау.    10 «Ә» сынып жетекшісі Ұ.Е.Тілеубек сабақ барысында оқушыларға айтып түсіндірді. 
Өзін-өзі басқару ұйымы
27
сентябрь
2024
Өзін-өзі басқару ұйымы
27.09.2024ж. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлауы болып өтті. Сайлауда көп дауыс жинаған 8 "Ә" сынып оқушысы  Эрназар Азат,  Өзін-өзі басқару ұйымының Президенті болып сайланды.
Ата-аналар жиналысы:
26
сентябрь
2024
Ата-аналар жиналысы:
26.09.2024ж. "Бала қауіпсіздігі - қоғам келешегі" тақырыбында ата-аналар жиналысы болып өтті. Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – оқушылардың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігі туралы талқыланды.
"Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету"
25
сентябрь
2024
"Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету"
Ата-аналарды педагогикалық қолдау көрсету орталығының жобасы аясында бастауыш сынып ата-аналары арсында "Отбасы - бақыт бесігі" тақырыбында  жиналыс болып өтті. Тренинг кезінде ата-аналарға  әртүрлі ойын ойнау арқылы, ата-аналар отбасына, бала тәрбиесіне деген ойларын ашып айтты. 
"Қазіргі ақындар айтысының ерекшелігі"
25
сентябрь
2024
"Қазіргі ақындар айтысының ерекшелігі"
9,10 сынып оқушылары арасында "Қазіргі ақындар айтысының ерекшелігі" тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Пікірсайыс барысында оқушылар, қазіргі айтыс пен бұрынғы айтыста  көтерілетін мәселелерге тоқталып өтті.      
СЫНЫП  САҒАТЫ
23
сентябрь
2024
СЫНЫП САҒАТЫ
23.09.2024ж. күні  1- 11  сынып оқушылары арасында «КӨМЕК» бағдарламасы /«Еңбек түбі береке»/ тақыбыбында өтті.              6 «А»   сынып жетекшісі А.Ж.Жұмаділ   сабақтың тақырыбын аша білді. Мақсаты:оқушылардың еңбектің түрлерімен таныстыру, білімдерін, ой-өрісін дамыту. 
«Аналар күні»
20
сентябрь
2024
«Аналар күні»
Қыркүйектің үшінші аптасы Аналар күніне орай 9 "А" сынып оқушылары бүкіл аналарға деген жылы лебіздерін әлеуметтік желіде жариялады.
" Гүлдене бер, әсем қала-  Алматы!" қала күні
16
сентябрь
2024
" Гүлдене бер, әсем қала- Алматы!" қала күні
Қала күніне орай "Менің Алматым" және "Бояулар құпиясы" тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. 
СЫНЫП  САҒАТЫ
16
сентябрь
2024
СЫНЫП САҒАТЫ
16.09.2024 ж. «Жол қауіпсіздігі», «Буллингтен қорған» тақырыбындағы сынып сағатында  қоғамда орын алып отырған жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию секілді  жағдайлардың алдын алу мақсатында буллинг, кибербуллинг туралы жалпы түсінігін қалыптастыру арқылы оқушылардың өзара сыйластық қарым-қатынасын дамыту, жауапкершіліктерін арттыру.  Сынып жетекшілер  буллингтен қалай қорғану керектігі, буллингтің зияны жайлы және жол қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізілді. 
"Айтыс - ұлттық қазына, ғасырлар жемісі"
16
сентябрь
2024
"Айтыс - ұлттық қазына, ғасырлар жемісі"
Республика күнін мерекелеуге арналған "Ақындар айтысы" республикалық сайысын дайындау және өткізу науқанына орай мектеп қітапханасына ақпарат көрмесі ұйымдастырылды.