15 қараша - Ұлттық валюта - теңге күні
11.11.2024 жылы мектепте “15 қараша — Ұлттық валюта-теңге күні” тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты — оқушыларға Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы, теңгенің шығу тарихы мен маңыздылығын таныстыру. Оқушыларға теңгенің енгізілуінің тарихи кезеңдері, алғашқы банкноттардың бейнесі және ұлттық валютаның еліміздің экономикасындағы рөлі туралы мағлұматтар берілді. Осы орайда оқушыларда ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін оятып, экономикалық білімдерін кеңейту көзделді.