Протокол попечительского совета № 2 » КГУ "Общеобразовательная школа №47"Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№47 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 254-88-79
Бухгалтер:
+7(727) 390-12-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
декабрь
2018

Протокол попечительского совета № 2

 

 № 47 жалпы білім беретін мектептің

қамқоршылық кеңесінің отырысы

Хаттама № 2

02.11.2018ж.

 

Қатысқандар:

Қамқорлық кеңесінің төрайымы:

1.Кайранбекова С.К.

Қамқорлық кеңесінің мүшелері:

2.Жанбатыров М.Б

3.Өмірасыл А.

4.Юрьева А.А.

5.Конопатова Л.

6.Ташимова Ф.М.

7. Омарова Г.К.

8.Абдибаева Г.А.

9.Асанбеков Б.Е.

Мектеп әкімшілігі:

Мектеп директорының м.а: СейдаковаН.А.

Директордың ТІЖО: АбдисалимоваМ.С.

Директордың ОІЖО: Атанбаева Г.Н.

Мектеп психологы: ТолыбаеваЖ.О.

Мектеп әлеуметтік педагогы: ШориковаГ.А.

Бастауыш сынып мұғалімі: СуюндиковаГ.А.

 

Күн тәртібінде:

1.Мектепті дамыту жоспарымен таныстыру.

 

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директорының міндетін атқарушы Н.А.Сейдакова сөз алып, мектепті дамыту жоспарындағы  «Жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқыту мен білім алудағы жаңа тәсілдерді іске асыру»; «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын іске асыру жағдайында адам тұлғасын тәрбиелеу»; «Мектеп-денсаулық аралы» атты үш стратегиялық бағыттарымен таныстырды. Мектепті дамыту жоспары бойынша алты жоба іске асырылатынына тоқталды.

Жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқыту мен білім алудағы жаңа тәсілдер бойынша:«Қауымдастық» клубын  құруарқылы білім берудің сапасын арттыру. Заман талабына сай педагогтардың кәсіби біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін жетілдіру, шығармашылығын арттыру,педагогтардың сөйлеу мәдениетін жоғары деңгейге жеткізу туралы атап өтті.

«Математикадан білім сапасын арттыру» жобасымен таныстыру барысындафункционалдық сауаттылықты дамыту арқылымектеп шәкірттерінің жаратылыстану-математика пәндер саласы бойынша 2017-2018 оқу жылындағы көрсеткіштерге қарағанда ағымдағы оқу жылында5%-ға білім сапасын көтеру мақсатталды.

«Үштілділік-заман талабы»  осы орайда «Полиглот» жобасы бойынша бастауыш сыныптарда: көркем еңбек, дүниетану және жаратылыстану сабақтарын ағылшын тілімен кіріктіріліп өтілуі; 5-6 сыныптарда жаратылыстану; 7-8 сыныптарда физика, информатика, биология пәндері ағылшын тіліндегі терминологиялық түсініктерді пайдалану; 9-11 сыныптар арасындағы тарих пәнінен орыс тіліндегі терминологиялық түсініктерді енгізу.Сондықтан үш тілдібілім берудің басты мақсаты әр білім алушының жеке қабілеттерін ескере отырып жағдай жасау керектігіне тоқталды.

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын іске асыру жағдайында адам тұлғасын тәрбиелеу.Мектеп оқушыларының «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтары мен салауатты өмір салтын, мәдениетін қалыптастыру, мектеп және жанұя ынтымақтастығын дамыту; этнопедагогика мен ұлттық рухани салт-дәстүрлерді жаңғырту аясында ата-аналарменбірлесіп «Отбасы- Семья» жобасы бойыншабір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа бағдар алған ендігі ұрпақ – «Мәңгілік Ел» перзентін тәрбиелеуге шақырды.

« Эко-Энерго Кешен» жобасын  құра отырып,оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытуға жағдай жасау, ғылымға, ел экономикасын көтеруге және оқушыларғамектеп бітіргенде түрлі салаларда еңбек жасауына мүмкіндік туғызу. Өз құқығын қорғай алатын,өз ұлтының рухани мәдениеті негізінде өз міндетін түсіне білетін, отбасы-тұрмыс жағдайындағы келеңсіз мәселелердің шешімін өз бетімен таба алатын, саяси қоғамдағы өмірін бағдарлай  білетін түлекті тәрбиелеу керектігін айтып өтті.

«Мектеп-денсаулық аралы» жобасы бойынша білім беру үрдісіне денсаулық сақтау технологияларын енгізу арқылы балалардың денсаулығын сақтау және нығайту.Балалардың салауатты өмір салтына деген қажеттіліктерін дамыта отырып әр  бала үшін қолайлы әлеуметтік - психологиялық микроклиматын құруды көздеді.

 

Қамқоршылық кеңесінің мүшесі 2 сынып ата-анасы  Өмірасыл Айжан: бұл  мектепті дамыту жоспарына келетін болсақ, балаға беретін білім деңгейінің өсуі, мұғалімдердің оқушылармен тығыз жұмыс жасауымен қатар кәсіби құзырлығын өсуіне көңіл бөлінгені айтылды.Сонымен қатарұстаздар мен ата-аналар арасында серіктестік қарым-қатынасының нығаюына бағытталған жобалар ұнады.

Абдибаева Г.А.Елбасының  үштілдік бағдарламасыосы мектепте  қолға алынатынына  қуаныштымын, келешекте жоспар жүзеге асырылатынына сеніммен қарауға болады.

 

Қамқоршылық кеңесінің отырысының

қаулысы

 

<!--[if !supportLists]-->1.      <!--[endif]-->Жоғарыдағы таныстырылғанжоспарлар мен жобалар бойынша ата-аналар тарапынан бірауыздан қабылданып, ризашылық қолдауын алды.

<!--[if !supportLists]-->2.      <!--[endif]-->Жоспардың жүзеге асырылуына ата-аналар қатысып және бақылап отырсын.

 

 

 

 

Қамқорлық кеңесінің төрайымы:               Кайранбекова С. К.

 

Хатшы:                                                  Абдисалимова М.С.
<!--[if !supportLineBreakNewLine]-->
<!--[endif]-->