26
сентябрь
2019
22 қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күні
№ 47 жалпы білім беретін мектеп
22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күніне байланысты 7 "Ә" сыныбында
"Тілім менің-тірлігімнің айғағы" атты тақырыпта тәрбие сағаты болып өтті.
Мақсаты: оқушыларды ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге баулу. Қазақ тілі туралы өлең, мақал-мәтел, нақыл сөздерді оқыту арқылы оқушының сөздік қорын молайтып,тіл байлығын дамыту. Қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.