"Құстар-біздің досымыз" » КГУ "Общеобразовательная школа №47"Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
Общеобразовательная школа №47"
Управления образования города Алматы
Директор:
+7(727) 254-88-79
Бухгалтер:
+7(727) 390-12-14
Версия для
слабовидящих
22
апрель
2020

"Құстар-біздің досымыз"

2017 жылғы 12 сәуірде Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы  жарияланып, онда қоғамдық сананы жаңғыртудың нақты бағыттарын айқындап берген еді. Өткен үш жыл ішінде бағдарлама бағыттары айқындала түсті, бұл жаңғыруға қазақстандық қоғам қолдау көрсетті.
Үкімет бекіткен жоспарлар бар. Алайда төтенше жағдайларға байланысты көп нәрселер орындалмай жатыр. Осы жағдайларды ескере отырып, Медеу ауданы № 47 жалпы білім беретін мектеп ұжымы оқушылар арасында қашықтықтан «Құстар-біздің досымыз» атты тақырыпта байқау ұйымдастырды.

Табиғаттың қысқы ұйқыдан оянуын танытатын көктем хабаршысы құстардың табиғатта да, адам өмірінде де мәні зор. Құстар әуезді әсем үндерімен, сымбатты да алуан түрлі сыртқы көрінісімен табиғаттың сәнін келтіру арқылы эстетикалық ләззатқа бөлейді.

Байқауды қашықтықтан ұйымдастырудағы мақсатымыз:

Табиғатты қорғай алатын адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу. Оқушылардың қашықтықтан сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз бетімен жұмысқа дағдылануға, өзін-өзі тануға,ой-өрісін дамытуға бейімдеу.

Табиғатымызды сақтап қалу, кейінгі ұрпаққа қалдыру біздің азаматтық борышымыз.