«Даланың дара ұстазы» Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай 9 "Ә" сынып оқушылары арасында сабақтан тыс тәрбие сағаты болып өтті. Мақсаты: жазушы, этнограф, Ы. Алтынсариннің өмірін, еңбектерін, шығармашылығын оқыта отырып, өлеңдері мен әңгімелерінде көтерілген мәселелердің өзектілігін ұғындыру, ұлы тұлғалар есімін қастерлеуге тәрбиелеу.