29
август
2022
Қайырымдылық көмек
«Мектепке жол» акциясы
Биылғы 2022-2023 оқу жылында да аталмыш шара жалғасын тапты.
Акцияның негізгі мақсаты – мектепке балаларды жинау, балалардың оқумен қамтылмауын анықтау, балалардың мектепке себепсіз келмеуінің алдын алу, аз қамтылған отбасыларға және жетім балаларға қамқоршыларды бекіту болып табылады. Бұл ретте акцияның негізгі міндеттерінің бірі – барлық балаларды орта білім алу құқықтарымен қамтамасыз ету бойынша, түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Осы орайда, 2022 – 2023 оқу жылында мектебіміздегі аз қамтылған, көпбалалы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мектеп ұжымы және қайырымды жандардың демеушілігімен қайырымдылық көмек көрсетілді.