Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау конкурсы туралы ХАБАРЛАНДЫРУ!!! » КГУ "Общеобразовательная школа №47"Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№47 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 254-88-79
Бухгалтер:
+7(727) 390-12-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау конкурсы туралы ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
12
август
2022

Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау конкурсы туралы ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

2022-2023 оқу жылына конкурстық негізде педагогтерді жұмысқа қабылдау ағымдағы жылдың 12 тамызынан басталады.

«Алматы қаласы  Медеу ауданы  № 47 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі КОНКУРС жариялайды

Мекен-жайы: Олимпийская-1

Байланыс телефоны: 254-88-79

Эл.пошта: scool47@mail.ru

Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының негізінде талаптарына сай жүргізіледі.

Конкурс төмендегідей негізгі бос орындарға жүргізіледі:

Физика пәні мұғалімі декретке кетуіне байланысты  – 8 сағат (0,5 бірлік лаборант)

Информатика пәні мұғалімі лауазымына (оқыту тілі орысша)  – 8,5 сағат

Логопед лауазымына – 1 (1бірлік жүктеме).

Аға тәлімгер лауазымына – 1 (1бірлік жүктеме).

2022 жылдың 15 тамызынан бастап, мектептің қабылдау бөлмесінде құжаттарды қабылдау жүргізіледі.

 Конкурс өткізілетін орын:

«Алматы қаласы  Медеу ауданы  № 47 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі №22 кабинет.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:(118 тармақ бойынша құжаттар қабылдау)

1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) Жеке басын куәландыратын құжат;

3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог" санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.

10) Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне,

кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/

академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

          Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес, педагогикалық еңбек өтілі бар үміткер үшін педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы міндетті. Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог" санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.

Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар "Enbek KZ" сайтына жарияланады.