Бірінші сыныпқа қабылдау 2026-2027 оқу жылы.
Хабарландыру
1-СЫНЫПҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
2026–2027 оқу жылына арналған Алматы қаласының мемлекеттік мектептерінің 1-сыныбына құжат қабылдау 2026 жылғы 10 маусым мен 31 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
Өтінішті Ұлттық білім беру платформасы OQU (oqu.edu.kz), электрондық үкіметтің egov.kz порталы арқылы немесе қағаз түрінде тікелей білім беру ұйымына тапсыруға болады.
2026–2027 оқу жылында Алматы қаласы бойынша 215 мемлекеттік мектеп 1-сыныпқа қабылдау жүргізеді.
Мектепке қабылдауда басым құқық мектептің қызмет көрсету аумағында (шағын учаскесінде) тұратын балаларға беріледі. Сонымен қатар ата-аналар (заңды өкілдер) бос орындар болған жағдайда кез келген мемлекеттік білім беру ұйымына өтініш бере алады.
Қабылдау «3-ке 1» қағидаты бойынша жүзеге асырылады: қызмет көрсету аумағында тұратын балаларға арналған әрбір 3 орынға шағын учаскеден тыс балалар үшін 1 орын қарастырылады.
Өтініш беру үшін заңды өкілдің тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеуі болуы қажет. Тұрғылықты мекенжай мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы расталады.
1-сыныпқа қабылдау үшін келесі құжаттар ұсынылады:
- баланың 3×4 көлеміндегі фотосуреті;
- профилактикалық екпелер картасы (№ 065/у нысаны);
- баланың денсаулық паспорты (№ 052-2/у нысаны);
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ПМПК қорытындысы.
Мектепалды даярлықты (0-сынып) аяқтаған білім алушылар ата-анасының (заңды өкілдерінің) өтініші негізінде 1-сыныпқа қабылданады.
Өтінішті қарау мерзімі – 1 жұмыс күні.
Құжат қабылдау мәселелері бойынша ата-аналар білім беру ұйымына немесе тұрғылықты жері бойынша аудандық білім бөліміне жүгіне алады.
OQU ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ПЛАТФОРМАСЫ АРҚЫЛЫ 2026–2027 ОҚУ ЖЫЛЫНА 1-СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУҒА ӨТІНІШ БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
1-сыныпқа қабылдау құжаттары OQU Ұлттық білім беру платформасы арқылы egov.kz электрондық үкімет порталы негізінде қабылданады.
Өтініш беру бойынша бейненұсқаулықпен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.youtube.com/watch?v=r6rVyvHYySg
Құжаттарды тапсырар алдында бейненұсқаулықты қарап шығу ұсынылады.
1-қадам. Қызметке өту
egov.kz порталына кіріңіз.
Келесі бөлімді таңдаңыз:
«Білім беру» → «Орта білім беру» → «1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау».
«Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз.
2-қадам. Авторизациядан өту
Келесі тәсілдердің бірі арқылы авторизациядан өтіңіз:
- ҚР ҰКО ЭЦҚ көмегімен;
- eGov Mobile қосымшасындағы QR-код арқылы.
Азаматтардың мобильді базасында тіркелген телефон нөміріне бес таңбалы растау коды бар SMS-хабарлама келеді.
Алынған кодты енгізіп, «Жүйеге кіру» батырмасын басыңыз.
Көрсетілген телефон нөмірінің дұрыстығын растаңыз.
Пайдаланушы келісімімен танысып, дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беріңіз.
1414 нөмірінен дербес деректерге қол жеткізуге келісім беру туралы SMS-хабарлама келеді.
Жұмысты жалғастыру үшін SMS-хабарламаға 511 санын жіберу қажет.
Жауап жіберілгеннен кейін «Келесі» батырмасын басыңыз.
Маңызды!
Жауап SMS келген сол телефон нөмірінен жіберілуі тиіс.
Егер SMS келмесе:
- ұялы байланыстың бар екеніне;
- Азаматтардың мобильді базасындағы телефон нөмірінің дұрыстығына;
- 1414 нөмірінің бұғатталған байланыстар (қара тізім) қатарында еместігіне көз жеткізіңіз.
3-қадам. Бала туралы мәліметтерді алу
Келісім берілгеннен кейін жүйеде «Дербес деректерді өңдеуге сұрау салу» терезесі ашылады.
Тізімнен баланы таңдаңыз.
«Сұрау жіберу» батырмасын басыңыз.
1414 нөмірінен баланың дербес деректеріне қол жеткізуді растау үшін қосымша SMS келеді.
Жұмысты жалғастыру үшін жауап SMS арқылы келісім беріңіз.
Келісім алынғаннан кейін «Келесі» батырмасын басыңыз.
Маңызды!
Егер бала туралы мәліметтер тізімде көрсетілмесе немесе қате көрсетілсе, мемлекеттік сервистер арқылы деректерді өзектендіріп, сұрауды қайта жіберу қажет.
4-қадам. Өтініш беруші мен бала туралы мәліметтерді толтыру
Өтініш түрі ретінде «1-сыныпқа қабылдау» тармағын таңдаңыз.
Келесі мәліметтерді тексеріңіз:
- ата-ананың (заңды өкілдің) ЖСН-і;
- Т.А.Ә.;
- байланыс телефоны;
- қосымша телефон нөмірі (бар болса).
Тізімнен баланы таңдаңыз.
Егер балада ерекше білім беру қажеттіліктері болса, тиісті белгіні қойыңыз.
«Келесі қадамға өту» батырмасын басыңыз.
5-қадам. Білім беру ұйымын таңдау
Мектепті таңдау тәсілін көрсетіңіз:
- Иә — шағын учаске бойынша таңдау;
- Жоқ — шағын учаскеден тыс мектепті таңдау.
Автоматты түрде толтырылған мәліметтерді тексеріңіз:
- оқу нысаны – күндізгі;
- оқу жылы – 2026–2027;
- сынып – 1.
Кезекпен таңдаңыз:
- облыс / қала;
- аудан;
- ауылдық округ / әкімдік (болған жағдайда);
- елді мекен;
- білім беру ұйымы.
Оқыту тілін таңдаңыз:
- қазақ тілі;
- орыс тілі.
Қажет болған жағдайда «Тегін тасымалдау қызметі қажет» белгісін қойыңыз.
«Келесі қадамға өту» батырмасын басыңыз.
6-қадам. Құжаттарды жүктеу
«Құжаттарды жүктеу» бөлімінде баланың құжаттарын тіркеу қажет.
Баланың фотосуреті
- өлшемі 3×4;
- файл форматтары: PDF, JPG, JPEG;
- файл көлемі 5 МБ-тан аспауы тиіс.
Медициналық құжаттар
Келесі құжаттар бойынша мәліметтер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінен автоматты түрде алынады:
- №065/у нысаны – профилактикалық екпелер картасы;
- №052-2/у нысаны – баланың денсаулық паспорты.
Егер мәліметтер мемлекеттік жүйелерде бар болса, олар автоматты түрде көрсетіледі.
Мәліметтер болмаған жағдайда құжаттарды электрондық түрде өз бетінше жүктеу қажет.
Деректердің дұрыстығын растау
Өтініш жіберер алдында келесі белгілерді қою қажет:
☑ Ұсынылған деректердің дұрыстығы үшін құқықтық жауапкершілікті өз мойныма аламын.
☑ Мемлекеттік қызмет алу мақсатында сыртқы жүйелерден алынған дербес деректерімді пайдалануға келісемін.
Одан кейін «Келесі қадамға өту» батырмасын басыңыз.
7-қадам. Өтінішті тексеру және қол қою
Толтырылған мәліметтердің дұрыстығын тексеріңіз.
Өтінішке:
- ҚР ҰКО ЭЦҚ арқылы;
- eGov Mobile QR-коды арқылы қол қойыңыз.
Өтінішті қарауға жіберіңіз.
Нәтижені алу
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 1 жұмыс күні.
Өтініш мәртебесін egov.kz порталындағы жеке кабинеттен, «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінен бақылауға болады.
Қызмет көрсетуден бас тарту негіздері
Мемлекеттік қызмет көрсетуден келесі жағдайларда бас тартылуы мүмкін:
- ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің шынайы еместігі анықталған жағдайда;
- құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
- білім беру ұйымында бос орындардың болмауы.
Қосымша ақпарат
Өтініш беру үшін заңды өкілдің тұрақты немесе уақытша тіркеуі болуы қажет.
Егер egov.kz порталы арқылы өтініш беру мүмкін болмаса, құжаттарды қағаз түрінде тікелей білім беру ұйымына тапсыруға болады.
Құжат қабылдау мәселелері бойынша ата-аналар білім беру ұйымына немесе тұрғылықты жері бойынша аудандық білім бөліміне жүгіне алады.
Қызмет тегін көрсетіледі.
Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма аралығы.
Жұмыс уақыты: 09:00 - 17:00
Жұмыс телефоны: 254-88-79
Мекен-жайымыз: Алматы қ., Медеу ауданы,Олимпийская көшесі,1.