2023-2024 оқу жылы №47 жалпы білім беретін мектепте жүргізілген педагогикалық-психологиялық жұмыстардың жылдық қорытынды есебі. » КГУ "Общеобразовательная школа №47"Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№47 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 254-88-79
Бухгалтер:
+7(727) 390-12-14
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2023-2024 оқу жылы №47 жалпы білім беретін мектепте жүргізілген педагогикалық-психологиялық жұмыстардың жылдық қорытынды есебі.
31
май
2024

2023-2024 оқу жылы №47 жалпы білім беретін мектепте жүргізілген педагогикалық-психологиялық жұмыстардың жылдық қорытынды есебі.

Оқушыларымен 2023-2024 оқу жылындағы бекітілген психологиялық жоспар бойынша 

4 бағытта жұмыстар жүргізілді.

      Мектебімізде  құқық бұзушылықтың алдын алу іс-шаралары, мектеп инспекторымен бірлескен  жоспар бойынша жүргізіледі.  Атап өтсек, мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілері, мектеп инспекторы  жыл бойы әлеуметтік жағдайы нашар және сабақтан себепсіз қалатын, метепішілік есепте, сәтсіз отбасы есебінде тұратын оқушылармен жұмыс жүргізіп отырады. 

Сынып жетекшілер құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануын қадағалайды.  

Жұмыстың мақсаты:  Оқушыларды жан-жақты дамуыту  және жеке тұлға болып қалыптасуына  психологиялық қолдау көрсету.

1-сынып оқушыларымен 2023-2024 оқу жылындағы бекітілген психологиялық жоспарға сай жұмыстар жүргізілді.

Мақсаты: оқушылардың мектепке бейімделу деңгейін, бейімделу кезеңіндегі қиындықтары бар балаларды және оқушылардың мұғаліммен, сыныптастарымен қарым-қатынасын анықтау.

       Қыркүйек айының басында 1-сынып оқушыларын мектеппен таныстыру мақсатында «Кел танысайық»  жаттығуы ұйымдастырылды. 


 

 

1.Диагностикалық жұмыстар

       Диагностика жүргізу процесінде жобалау әдістемелері қолданылды. 

1-сынып оқушыларынан мектеп табалдырығын жаңа аттап отырған баланың оқуға деген қызығушылығын   анықтау мақсатында «К.Йрасектің оқушының мектепке бейімделу деңгейін анықтау тесті» жүргізілді.

Мақсаты: оқушылардың мектепке бейімделу деңгейін, танымдық процестерінің дамуын,   баланың оқуға деген қызығушылығын анықтау.

Жүргізілген   уақыты: 02-16.10.2023ж.

Барлығы-33, қатысқаны-32 

      Бұл тест үш тапсырмадан тұрады. Бірінші тапсырма ер адамның суретін салу, екінші берілген сөздерді жазу және қайталау, үшінші нүктелер тобын көшіріп жазу. Графикалық тестің үш тапсырмасынан қолдың моторикасымен, көру координациясы мен қозғалысын анықтауға болады. Сонымен қатар бұл тест баланың интеллектуалды дамуының жалпы сипатттамасын көрсетеді. Берілген тапсырмалар арқылы жұмыс жасау қол икемділігіне әсер етеді, ал бұл икемділік мектепте оқуға қажет. Бұл тапсырмалар баланың тапсырманы орындау кезіндегі жинақтылығын анықтауға көмектеседі.

1-сынып оқушыларының психодиагностикалық зерттеу нәтижесі көрсеткендей оқушылардың басым көпшілігі мектепке оқу  даярлығы жақсы 60% жоғары деңгейде көрсеткіш көрсетті. Оқушылардың 35% орта деңгейде көрсеткіш көрсетті. Оқушылардың 5% төменгі деңгейде көрсеткіш көрсетті.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 

1-сынып оқушыларының мектепке  оқу даярлығын анықтау нәтижесі бойынша  мынандай кесте шығарылды:

Сыныбы

Жоғары  деңгей 

1-6 ұпай

Орта  деңгей 

7-12 ұпай

Төмен деңгей 

13-15 ұпай

1 «А»

 15

4

1

1 «Ә»

10

3

1

  1. Көшеров Алаш Дамирович - 1 «Ә» сыныбы  
  2. Илахунов Амир Еркинович - 1 «А» сыныбы

Осы аталған оқушылармен жеке кеңес және түзету-дамыту жұмыстары жүргізілді. Оқушылардың ата-аналарымен кеңес жүргізіліп, баланы қалай дұрыс мақтау , балаға қалай көмектесу , балаға   қалай дұрыс қолдау көрсету керектігі жайлы ұсыныстар мен кеңестер берілді.

Сонымен қатар оқушының болмысын, эмоционалдық жай күйін, оқушының мінез ерекшеліктерін  анықтау мақсатында  Пип  Уиллсонның «Ағаш» әдістемесі жүргізілді.

Сауалнама қорытындысы төмендегідей:  жалпы 1- сынып оқушыларының арасынан  шеттетілген, тұйықталған  оқушы   анықталмады. Оқушылардың бойында жалпы мінез ерекшеліктерінде  қиындықтар байқалады.  Сауалнама қорытындысынан кейін осы оқушылармен жеке әңгіме жүргізілді және оқушылардың эмоционалды жағдайы сынып жетекшілеріне ескертілді. Жалпы сауалнама қорытындысы бойынша 1-сынып оқушыларының эмоционалды жағдайы тұрақты, жағымды, жақсы. Оқушыларды танымдық қабілеттерін дамытуға байланысты психологиялық сабақтар, оқушыларды бейімдеу, қарым-қатынастарын нығайту мақсатында түзету-дамыту жұмыстары жүргізілді. Әдістеме нәтижелері бойынша  1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуі ортадан жоғары деңгейде. Сынып оқушыларының сабаққа қызығушылығы, сабаққа белсенділігі қалыпты.


2.Коррекциялық жұмыстар.


Диагностика нәтижесі бойынша 1-сыныпқа бейімделуіне көмек көрсету, оқушылардың көңіл-күйлерін жақсарту, зейіндерін дамыту, танымдық белсенділіктерін ояту, есте сақтау процесін дамыту мақсатында « Мектеп оқу қабілетін зерттеу» атты психологиялық тренингі өткізілді. Тренинг барысында оқушыларға түрлі ойындар, психологиялық жаттығулар жүргізілді. 



3.Ағартушылық жұмыстар.

       1-сынып ата-аналарымен  өткізілген жиналысына қатысып, 1-сынып ата-аналарына оқушылардың мектепке бейімделуіне байланысты арнайы кеңестер, ұсыныстар берілді. Жалпы бейімделудің қалай жүретіндігі туралы, яғни 2 аптадан 6 айға дейінгі аралықты қамтитындығы туралы, мұғалімдермен ынтымақтастық орнату жайында, сонымен қатар, мінез - құлықты басқаруға көмектесетін, балаға қолайсыздықты қалай бастан кешіретін туралы кеңестер берілді. Мектепке бейімделу кезеңінде оқушы қандай күй кешетіндігі туралы, мектепке бейімделу сәтті өткенін қалай байқауға болатыны жайында ата-аналарға ақпарат берілді. 

4. Кеңес беру жұмыстары. 

    Оқу жылы басталғалы бері ата-ана және сынып жетекші сұранысы бойынша оқушылардың психологиялық жағдайын анықтау мақсатында жеке кеңестер жүргізілді.   Ата - аналарымен тығыз байланыс орнатылған. 


Қорытынды: 

    Жалпы 1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуі ортадан жоғары  деңгейде. Сынып оқушыларының сабаққа қызығушылығы, сабаққа белсенділігі қалыпты. Оқушылардың танымдық процестерінің дамуы жас ерекшеліктеріне сай. Мектептегі тәртіпке толық қалыптасқан, оқушылар мектептегі мұғалімдерімен, сыныптастарымен қарым-қатынастары жақсы.

Сонымен, 1-сыныптардың мектепке бейімделуін қорытындылайтын болсақ, оқушыларда оқуға бейімделу 2 аптадан 6 айға дейінгі аралықты қамтиды. Қазір барлығының мектепке деген көзқарасы жақсы, оқуға деген ынталары жақсы деңгейде. 

1-сынып оқушыларымен жыл бойы жоспар бойынша жұмыстар жүргізіледі. Оқушылардың мектепке бейімделу деңгейінің тұрақталғанын анықтау мақсатында диагностикалық бағыт бойынша наурыз айында оқушылардан жобалау әдістемелері қайта  алынады. 

Коррекциялық бағыт бойынша жоспарға сәйкес оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында психологиялық сабақтар, мектепке бейімдеу, қарым-қатынастарын нығайту мақсатында түзету-дамыту жұмыстары жүргізіледі.

Ағартушылық бағыт бойынша баланы қолдау мақсатында ата-аналар жиналысына қатысып, оқушылардың мектепке бейімделуіне байланысты арнайы кеңестер, ұсыныстар беріліп отырады.Сонымен қатар жеке сұраныстарына байланысты ата-аналарымен, оқушылармен жеке сұхбат жүргізіледі. 

 Жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша бейімделуі төмен оқушылардың сынып жетекшілері мен ата-аналарына, мұғалімдерге төмендегідей ұсыныстар берілді.   

Ұсыныс:

  1. Сынып жетекші мен ата-ана тығыз байланыста болу.
  2. 1-сынып оқушыларымен жұмыс барысында кез-келген ойды түйіндеп, қорытынды жасауға дағдыландыру.
  3. Оқушының сабақтағы тәртібін үнемі қадағалауда ұстау.
  4. Оқушылардан тапсырманы уақтылы орындауын талап ету. Оқушының зейінін қалыптастыру үшін берілетін тапсырма нақты, әрі қысқа болуы қажет.



5-сыныптар

       Бастауыш сыныптан орта буынға өту кейбір оқушыларда көптеген себептерге байланысты, әр түрлі мәселелер туындатуы мүмкін (бір мұғалімнің бірнеше мұғаліммен ауысуы, жаңа мұғалімдердің пайда болуы, жаңа пәндер, әр мұғалім өзінің талаптары мен ережелерін қояды, өзге де талаптар және т.б.). Бұл білім деңгейіне, оқушылардың өзіндік психологиялық көңіл-күйіне және тұлғалық қарым-қатынасына әсер етеді. Біздің тарапымыздан жүргізілген психологиялық жұмыс түрі оқушылардың 5-сыныпқа бейімделуі, мектеппен байланысты мазасыздануын анықтауға бағытталды. 5-сынып оқушыларының сабақтарына қатысып, үзіліс уақыттарындағы іс-әрекеттері бақыланды. Оқушылардың басым бөлігі  өздерін сабақта еркін сезіне біледі, мұғалімдермен қарым-қатынастары жақсы. 5-сынып оқушыларымен төмендегідей бағыттарда жұмыстар жүргізілді.

1.Диагностикалық жұмыстар: Н.Лусканова «Мектептегі мотивация деңгейін анықтау» сауалнамасы.

Мақсаты:оқушылардың мектепке деген мотивациясын, сыныптастарымен, ата-аналарымен қарым-қатынасын және  сабаққа қызығушылық деңгейін  анықтау.

Қорытынды: 5-сынып оқушыларымен жүргізілген сауалнама нәтижесінде оқушылардың мектепке деген мотивация деңгейі анықталды. Мотивация деңгейі  жоғары оқушылар 51%-ды, мотивация деңгейі орта оқушылар 35%-ды, мотивациясы төмен оқушылар 14%-ды  көрсетті.

1.Коррекциялық жұмыстар. Диагностика нәтижесі бойынша 5-сыныпқа бейімделуіне көмек көрсету, оқушылардың көңіл-күйлерін жақсарту, оларды адалдыққа, достыққа, шындыққа, тәрбиелікке үйрету мақсатында «Жақсы  қарым-қатынас!» атты психологиялық тренингі өткізілді. Тренинг барысында оқушыларға түрлі ойындар, жаттығулар жүргізілді. 

 3.Ағартушылық жұмыстар.

Қыркүйек айында өткізілген ата-аналар жиналысында 5-сынып ата-аналарына оқушылардың орта буынға бейімделуіндегі ата-ананың атқаратын ролі және көмектері жайлы кеңестер берілді. Ата-аналарға «5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделуіндегі қиыншылықтарының алдын алу» тақырыбында түсініктеме берілді.  Орта буынға бейімделу  кезеңінде оқушы қандай күй кешетіндігі туралы айтылды. Сонымен қатар ата - аналарға баланың орта буынға  бейімделу кезеңінде көмек ретінде психологиялық кеңестер берілді. Жиналыс соңында ата аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді және ата - аналармен «Кім - кімге  жақын» ойыны жүргізілді. «Өз балаңызды жақсы білесіз бе?» атты тақырыбында  сұрақтар жазылған түрлі түсті қағаздар таратылып, ата аналар әркім өз баласына байланысты жауаптар берді.



  1. Кеңес беру жұмыстары. 

   Оқу жылы басталғалы бері ата-ана және сынып жетекші сұранысы бойынша оқушылардың психологиялық жағдайын анықтау мақсатында жеке кеңестер жүргізілді. Кеңес барысында оқушылармен диагностикалық жұмыстар жүргізіліп,  әңгіме-кеңес құрылды.

Қорытындылай келе оқушылардың оқу процесіне белсене қатысып, оған деген қызығушылықтарының арта түскенін, өз-өзіне деген сенімділік қасиеттерін байқай аламыз. Мұғалімдер тарапынан берілген оқу ақпараттарын оңай қабылдап, сынып ұжымында өздерін еркін ұстай алу қабілеттерін атап өткен жөн. Яғни, оқушылардың орта буынға бейімделуі орта деңгейде деп есептеуге болады. 

Мектебімізде арнайы психолог кабинеті бар. Педагог – психолог кабинетінде кестеге және циклограммаға сәйкес мынадай бағыттар бойынша жұмыс жүргізіледі: психологиялық – педагогикалық диагностика; оқушылармен жеке және топтық түзету – дамыту жұмыстары жүргізіледі.   Педагог-психолог кабинетін функционалдық пайдалану Педагог – психолог кабинетінде кестеге және циклограммаға сәйкес мынадай бағыттар бойынша жұмыс жүргізіледі: Психологиялық – педагогикалық диагностика; коррекциялық түзету, дамыту жұмыстары; алдын-алу жұмыстары; консультатциялық жұмыстар; әдістемелік жұмыстары жүргізіледі. Оқушыларға, ата-аналарға арналған психологиялық бұрыш бар.

Мақсаты: мектептегі   тәрбие-білім беру процесінің барлық қатысушыларына психологиялық қолдау көрсету, психофизиологиялық денсаулығын сақтау, есепке алып жеке тұлғаның ерекшелігін жан-жақты зерттеп, оқушының жан-дүниесін дамыту.   Міндеттері: 

Әр оқушының жас ерекшеліктерін ескеру мен кемшіліктерін түзетуге ықпал ету;


Медеу аудандық ЮПБ  есебінде тұрған оқушы жоқ.  

8 «А» сынып оқушысы Ерзат Айя   мектепішілік есепте тұрды. 

Ерзат Айя толық емес отбасында тәрбиеленеді. Айяның анасымен қарым-қатынасы бірқалыпты, тұрмыс жағдайлары жақсы. Темпераменті – меланхолик, мінезі тұйық, сөйлеу мәнері өте баяу. Мұғалімдерге, сыныптастарына қатынасы біркелкі, үлкендермен арақашықтықты сақтайды, қарым-қатынаста сыпайы. Қазіргі уақытта мектепішілік есепте тұрады себебі, 18.08.2022ж. анасына ескертусіз үйден кетіп қалған.  Мектеп Мектепішілік есепте тұрған оқушылармен тығыз байланыста жұмыстар жүргізіледі.          

ІІІ-тоқсанның аяғында басқа мектепке ауысуына байланысты, мектепішілік есептен шығарылды.

5-сынып оқушыларымен «Буллинг және кибербуллинг дегеніміз не?» тақырыбында  дәріс өткізілді. Оқушыларға буллинг және кибербуллинг туралы мәліметтер беріліп, олардан қалай сақтану керектігі түсіндірілді. Сонымен қатар, мәселемен бетпе - бет келгенде  ата-анаға немесе ұстаздың көмігіне жүгінуге шақырды.  Оқушылар тарапынан  буллингтің табиғаты,  жәбірлеуші мен зардап шегушінің негізгі айырмашылықтары жөнінде бірнеше сауал қойылып, тиісті жауап берілді. Дәріске қатысқан оқушылар да өз ойларын ортаға салды.

Буллинг – адам психологиясын бұзып, күйзеліске, жан дағдарысына әкелетін әрекет. Бұл проблеманың алдын - алу үшін  қоғамның барлық мүшесі  үнсіз қалмауы  қажет.  Осыны ұғынып, аталған мәселенің бар екенін қоғамға сіңірген кезде ғана балалардың болашағы кемел болмақ. Мектеп оқушыларын ізгілікке бастайтын шара  алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

  1. Кеңес беру жұмыстары. 

   Оқу жылы басталғалы бері ата-ана және сынып жетекші сұранысы бойынша оқушылардың психологиялық жағдайын анықтау мақсатында жеке кеңестер жүргізілді. Кеңес барысында оқушылармен диагностикалық жұмыстар жүргізіліп,  әңгіме-кеңес құрылды.



ҰБТ жұмыс жоспарына сай бірнеше ағарту жұмыстары өткізілді.11-сынып оқушыларына «Емтиханға қалай дайындалу керек, сабаққа әзірлену орын қалай ұйымдастыру керек, тамақтанудың тиімді жолдары» атты тақырыпта дәріс өткізілді; 

ҰБТ-ге дайындыққа қолдау көрсету мақсатында «Өзін-өзі тану», «өзін - өзі реттеу» атты тақырыптар төңірегінде тернингтер ойындар өткізілді; оқу процесіндегі материалды есте сақтауды жақсарту мақсатында «Еске сақтаудың белсенді әдістері» атты тақырып төңірегінде кеңес берілді. ҰБТ кезінде қобалжу мен стресс деңгейін жою мақсатында «Менің жетістіктерім» атты тақырыпта әңгіме өткізілді.

  

Сонымен қатар, суицидтің алдын алу бойынша жүргізілген  іс- шаралар 5-9сыныптарымен Л.П.Пономаренконың «Ағаш әдістемесі» жүргізілді. 

   Мақсаты: мектеп жасындағы балаларда кездесетін қорқыныштың, үрейдің алдын алу. 

9-11 сынып оқушыларына  «Менің жетістіктерім» атты тақырыпта әңгіме өткізілді ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, психологиялық білімдерін кеңейту мақсатында «Ата-ананың рөлі»,«ПИРАМИДА ҚҰРУ»,«БӘРІМІЗ БІРГЕ» атты тақырыпта тренинг өткізілді. 

    Қорытынды: Барлық жұмыстарды талдай отырып, барлық іс-шаралар ұзақ мерзімді жұмыс жоспарына және барлық салаларға сәйкес жүзеге асырылған деп айтуға болады. Жүргізілген жұмыс біздің өзіміздің кәсіби мүмкіндіктерімізді анықтауға, сондай-ақ өз қызметімізді жүзеге асырудың негізгі жолдарын және болашақта кәсіби өсуін анықтауға мүмкіндік берді. 

     Келесі оқу жылында педагогикалық кадрлармен жұмысты күшейтуге, сондай-ақ дарынды балалармен жұмыс жасауға назар аудару қажет. Өткен жылдағы іс-шараларды талдауды ескере отырып, алдағы жылдағы іс-шараларды жалғастыру.  Сонымен қатар оқушылармен тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,  жеке тұлға қызығушылығын арттыру және оның дамуындағы  әртүрлі қиыншылықтарды түзету.

    Мұғалімдермен бірлесе отырып, оқушылардың қызығушылықтары мен танымдық әрекеттерін анықтау.

    Ата-аналарымен бірлесе отырып, оқушылардың бойындағы жағымсыз қылықтарды анықтап, болдырмау. 


Мектеп психологы: Толыбаева Ж.О.