Мектеп жанындағы "Күншуақ" жазғы сауықтыру лагері » КГУ "Общеобразовательная школа №47"Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№47 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 254-88-79
Бухгалтер:
+7(727) 390-12-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп жанындағы "Күншуақ" жазғы сауықтыру лагері
19
июнь
2023

Мектеп жанындағы "Күншуақ" жазғы сауықтыру лагері

                                                    №47 жалпы білім беретін мектеп

Мектеп жанындағы "Күншуақ"

жазғы сауықтыру лагерінде

жүргізілген жұмыстардың қорытынды  

  Жазғы демалыстың жылы күндері балалар тек демалып қана қоймай, физикалық тұрғыдан дамып,дүниетанымдары кеңейіп, жаңа оқу жылына күш жинауы тиіс. Осы мақсатта 2022-2023  оқу жылының 5-маусымынан бастап "№47 жалпы білім беретін мектеп"  КММ- де  мектеп жанындағы жазғы  сауықтыру  лагері өз жұмысын бастады.
       Лагерде жұмыс істеген  мұғалімдердің  негізгі міндеттері бала мінезінің ерекшеліктерін, оның әдеттері мен қызығушылықтарын жақсы білу, жаңа ортаға бейімделуі қиын балаларға көңіл бөле білулерінде болды.
 
Мақсаты:

  • Оқушылардың жазғы кезеңдегі физикалық сауығу және демалу жүйесін ұйымдастыру
  • Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру.

Міндеттері: 

  • Әрбір оқушыны өз денсаулығын саналы түрде нығайтуға тарту;
  • Оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен қызығушылықтарын дамыту, мәдени-бұқаралық және спорттық жұмыстарға тарту; 
  • Оқушылардың тұлғалық және жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың қимыл белсенділігін арттыру; табиғатқа, ізгілікке деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.

Басқарушы құрам: 

  • мектеп директоры
  • лагерь жетекшісі
  • тәрбиешілер
  • ағылышын тілі пәнінің мұғалімі
  • дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
  • көркем еңбек пәнінің мұғалімі
  • музыка пәнінің мұғалімі
  • медицина қызметкері

      1 кезең  05.06.2023-16.06.2023, сағат 09.00-ден 15.00 де дейін лагерь жұмыс жасады.Лагерге барлығы 55 бала  келді. 

Балалар мектеп тарапынан ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Балалар бекітілген ас мәзірімен күнделікті түскі ас ішті.

     Мектеп медбикесі  К.С. Оразалимова келген  оқушылардың әрқайсысының  дене қызуын өлшеп, денсаулықтарын тексерді. Балаларға  лагерь кезіндегі сақтық шараларын қалай сақтау керектігі туралы ескертіліп айтылды.

 Мектеп басшылығы және лагерь қызметкерлерінің  қатысуымен "Күншуақ" лагерінің ашылуы салтантты түрде ашылды. Салтанатты жиынды   мектеп директоры И.Д.Ержигитова  оқушыларды жазғы демалысқа шығуларымен құттықтап, демалыстарының көңілді, пайдалы әрі сәтті өтуіне тілек айтты.  Салтанатты жиын оқушылардың өнерлерін тамашалаумен   жалғасты.  

    Салтанатты жиыннан кейін оқушылар  3 топқа бөлініп, топ жетекшілерімен бірге әр топтың лагерь бұрышын безендіру, жеке дизайндарын шығару,топтың атауын, ұранын,белгісін, топ ережесін құрумен жалғасын тапты. 

1- топ  «Айгөлек»

Топ жетекшісі – Сейсебекова Г.Н

2-топ «Балдырған»

Топ жетекшісі –Туткабаева Ә.Н

3-топ  «Радуга»

Топ жетекшісі-Абуова Д.С, Бастарбекова Г.М


               Бекітілген жоспар, күн тәртібі бойынша жұмыстар жүргізілді.

                                         05.06.2023 жыл.  Таңғы "Күншуақ" лагерінің ашылуы салтанатты.

                                                         "Күншуақ" лагерінің ашылуы салтанатты.

                                                              Медбикенің балаларды тексеру 

                                                                                 Түскі ас

Асфальтке сурет салу 



Спорттық жарыстар


ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУ

Домбыра үйірмесі

Қызықты ойындар


Ағылшын тілі үйірмесі

Конкурс «Таланты 2023»

Ата-аналардың пікірі


Лагерь басшысы               Ерназарова А.Б