01
ноябрь
2024
Құқық бұзушылықтың алдын алу
2024-2025 оқу жылының 1 тоқсанында мектеп инспекторы Ж.Ж. Тулепова құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ата-аналар жиналысына қатысып, бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу керектігі жөнінде әңгіме жүргізді. Бірлескен жоспар бойынша оқушылармен құқық бұзушылықтың алдын алу, зорлық-зомбылыққа жол бермеу, жол ережесі және ерте жүктіліктің алдын алу т.б.туралы тақырыптарында түсіндірмелі жұмыстар жүргізді.