Алматы қаласы Білім басқармасының
"№47 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 254-88-79
Бухгалтер:
+7(727) 390-12-14
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
январь
2025

"АДАЛ ҰРПАҚ" ЕСЕБІ 2024-2025 оқу жылы.

                          № 47 жалпы білім беретін мектеп                                                       

                                                     2024-2025 оқу жылының І жарты жылдығы                                                                                                             «Адал ұрпақ» еріктілер мектеп клубының  есебі

       Алматы қаласы, Медеу ауданы  № 47 жалпы білім беретін мектепте   сыбайлас  жемқорлыққа қарсы  көзқарасыты қалыптастыру мақсатында  «Адал   ұрпақ»  еріктілер клубында  іс-шаралар жоспары бекітіліп,  жұмыстар жасалды.  Клуб мүшелері   8 сынып  оқушыларынан  құралған.

     Жыл басында «Адал  ұрпақ»  еріктілер клубына арналған жылдық жоспар бекітілді. Жоспар бойынша клуб жетекшісі   Абдыкадырова Перизат Тұралықызы  бекітілді.   Жоспарға сай клуб мүшелері тағайындалды. .  Клуб жұмысы үш секция  бойынша жұмыс жасап жатыр:

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  білім;
  2. Ақпарат және  шығармашылық;
  3. Мәдени-көпшілік іс-шаралар  бағытында  жұмыс жасайды.   Клуб   мүшелері  жоспарға  сай    бекітілген жұмыстарын  уақытында  орындап отырды.
Қыркүйек айында-   Оқушылардың адамгершілігі мен құқықтық мәдениетін жоғарлатуға бағытталған бірыңғай сынып сағаттары. Сынып сағаттарының  мақсаты:  жас  ұрпақты Отансүйгіштіккке,  азаматтылыққа, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне   құрметпен қарауға , адамгершілік сезімдер мен этикалық  сананы, еңбекүйгіштікке,  оқуға,   еңбекке,  өмірге жасампаздықпен қарауға, адалдыққа  тәрбиелеу. Жоспарға сай  әр үш  бағыт   бойынша жұмыстар  атқарылды.

Қазан айында- «Қазақстан-құқықтық мемлекет» тақырыбында «Адал ұрпақ» клуб мүшелерімен отырыс  өткізілді. Ар-ұят, абырой, адалдық, әділеттілік, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мәселесі қаралды.

«Қазақстан-құқықтық мемлекет» тақырыбында өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен 6-7 сынып оқушылары арасында әңгіме жүргізілді. Мақсаты:жас ұрпақты адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Оқушылар өз ойларымен бөлісе білді. 

Қараша айында- «Адал ұрпақ » клубтарымен таныстыру   өткізілді. Құқықбұзушылық, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеу, мәдениетті қалыптастырудағы отбасының рөлі туралы мәселелер қозғалды, сонымен қатар «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» тақырыбында 10-11сынып оқушылары арасында сынып сағаты болып өтті. Мақсаты: Оқушыларға адал жолмен еңбек етіп, табысқа жетудің маңыздылығын ұғындыру. 

«Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» тақырыбында 10-11 сынып сағаты болып өтті.

Оқушыларға адал жолмен еңбек етіп, табысқа жетудің маңыздылығын ұғындыру. 

-Желтоқсан айында:

 9 желтоқсан-Дүниежүзілік жемқорлыққа қарсы күрес күніне байланысты  9-10 сынып оқушылары арасында пікіралмасу болып өтті. Мақсаты:  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, жас өспірімдердің заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру, рухани адамгершілікке тәрбиелеу.

    5-6 сынып оқушылары «Адал және сатылмайтын еңбек» атты тақырыпта суреттер салды.



Похожие публикации:

01 сентябрь 2022 Бұйрық "АДАЛ ҰРПАҚ"
30 ноябрь 2021 "АДАЛ ҰРПАҚ"
20 октябрь 2020 "АДАЛ ҰРПАҚ"
02 сентябрь 2020 "Адал ұрпақ"