18
ноябрь
2024
СЫНЫП САҒАТЫ
18.11.2024ж. Интернет жүйесіндегі мінез-құлық ережелері /«Буллингтен қорған!» атты сынып сағаты өтілді. 6 «Ә» сынып жетекшісі Г.Б.Мейрамжанова тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетіп, сабақтың тақырыбын ашты. Сынып сағаты барысында оқушыларда буллинг, кибербуллинг туралы жалпы түсінік қалыптасты. «Миғашабуыл» әдісі арқылы оқушылар пікір алмасты. Жасөспірімдер арасында белең алып отырған тәртіпсіздіктерден сақтану жолдары айтылды.