Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласына пікір білдіру. » КГУ "Общеобразовательная школа №47"Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№47 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 254-88-79
Бухгалтер:
+7(727) 390-12-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласына пікір білдіру.
23
ноябрь
2018

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласына пікір білдіру.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына

пікір білдіру.

Елбасының Ұлы даланың жеті қыры атты мақаласынан тарихтың көптеген құпиялары мен жұмбақтарын ашуға болады.

Халқымыздың «Ұлттық жаңғыру» кезеңіндегі сүбелі пікірлерді табуға мүмкіндік береді. Әр ұлт болашағын бастарда өзінің өткенін екшелеп, тарихын түгендейтіні белгілі. Елбасы мақаласында ежелгі түркі даласының адамзат дамуына қосқан үлесі ерекше мақтанышпен, ризашылықпен аталыпты. Біз үшін жылқы малының қазақ даласында алғаш рет қолға үйретілгені ерекше мәртебе. Бұл бүгінгі күні космос кораблдерін, байланыс құралдарын,  атом энергиясын ашумен  тең  жаңалық. 

Алып даланың қиырсыз түкпірлерін байланыстыруда жылқы малының ролі 

орасан екені де рас.  Еңбек құралдарын жетілдіруде еліміздегі түрлі 

металлдардың игерілуі, олардан қажетті құралдар жасағаны белгілі. 

Бүгінгі Алтай өңірі, Жезқазған аймағы бүгін де еліміміздің басты 

«ұстаханасы» екеніайдай әлемге аян.

Осыдан 2-3 мың жыл бұрын да осы жерлерде металл өңдеу, құрал жабдықтар шығару басталған, ол товарлар Европа, кіші Азия, Үндістан, Қытай базарларында ерекше сұранысқа ие болды. 

Мақаладағы Ұлы жібек жолы туралы ойлар да назар аударатын пікірлер. 

Жібек жолының қазақ даласы, оның экономикасының дамуына қосқан

үлесі орасан зор.  Бүгінгі күні батыс Қытай-батыс Европа тас жолы сол 

Ұлы жібек жолының қайта жаңғыруы екені анық.  Осы шағын үш мысалдан 

қазақ тарихының   болашақпен астасып жатқанын, бүгінмен терең 

байланыста екенін көреміз.

                                                                                                             Медеу ауданы

№ 47 ЖББМ

тарих пәнінің мұғалімі

С.С.Сүлеев.

 

 

 

Похожие публикации: