"Қайырымдылық көмек" » КГУ "Общеобразовательная школа №47"Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№47 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 254-88-79
Бухгалтер:
+7(727) 390-12-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
май
2020

"Қайырымдылық көмек"

Медеу ауданы  Ш. Уәлиханов атындағы № 12 мамандандырылған гимназияның жас мамандарының тәлімгері, гимназия тренері Дүйсенбаева Мөлдір Үсенқызының жетекшілігімен, гимназияның 30 шақты жас мұғалімдері  №47 жалпы білім беретін мектептің көпбалалы 1отбасына қайырымдылық көмек көрсетті. Мөлдір Үсенқызы, Алпысбай Асел, Теңізбай Қарагөз, Сайлаухан Абылай арнайы келіп, пәтер жалдап тұратын көпбалалы, тұрмысы төмен 1 отбасына бір айлық пәтер ақысын және азық-түлік алуына қаражат берді.

Сонымен қатар, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жетписбаева Лариса Уатаевна өз тарапынан осы көпбалалы отбасына қаржылай қайырымдылық көмек көрсетті.  

№47 жалпы білім беретін мектеп ұжымының және көпбалалы ата-ананың атынан Ш. Уәлиханов атындағы № 12 мамандандырылған гимназияның, жас мамандарына, қайырымдылық іс-шараны жас мұғалімдер арасында ұйымдастырып, ұйытқы болып жүрген Мөлдір Үсенқызына, Лариса Уатаевнаға айтар алғысымыз шексіз. Қасиетті рамазан айында жасаған ізгі амалдарыңыз қабыл болсын! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз!