Алматы қаласы Білім басқармасының
"№47 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 254-88-79
Бухгалтер:
+7(727) 390-12-14
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
25 қазан - Республика күні
24
октябрь
2024
25 қазан - Республика күні
25 қазан - Республика күніне орай таңертеңгі сағат 08:15-те Мемлекеттік Гимн орындалды және мектепішілік спорттық ойын, мерекелік іс-шаралар болып өтті. Мақсаты:балалардың бойына туған еліне деген құрмет пен отаншылдық құндылығын дарыту.                                                
№5 емхана дәрігерімен кездесу
23
октябрь
2024
№5 емхана дәрігерімен кездесу
23.10.2024ж. "Ерте жүктілік және мәжбүрлі некелердің алдын алу шаралары" жоспары аясында Медеу ауданына қарасты қалалық №5 емхана дәрігері Г.А.Алтыбаева, мектеп медбикесі К.С.Оразалимова және мектеп инспекторы Ж.Ж.Тулепова мен 7-11 сынып қыздары арасында жиналыс болып өтті. Түсіндірмелі жұмыстар жүргізілді, қыздар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
СЫНЫП  САҒАТЫ
21
октябрь
2024
СЫНЫП САҒАТЫ
21.10.2024ж. 25 қазан – Республика күніне орай сынып сағаты өтілді.                                           Мақсаты: ҚР мемлекеттік мерекелері туралы мәлімет беру;   Республика күнінің маңыздылығын түсіндіру;   - Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елінің тарихын құрметтеуге, біліуге тәрбиелеу. Сынып жетекшілер оқушыларға Қазақстан Республикасының жетістігін және болашақта қосатын үлестері туралы ойларымен бөлісті. 
СЫНЫП  САҒАТЫ
14
октябрь
2024
СЫНЫП САҒАТЫ
14.10.2024 ж.  «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам», қ ауіпсіздік сабағы  «Бассейндегі немесе судағы жарақаттар мен кездейсоқ оқиғаларды қалай болдырмауға болады?» және Ерлігі ұрпаққа үлгі болған Рақымжан Қошқарбаевқа 100 жыл толуына орай бірыңғай сынып сағаты болып өтті.  Рақымжан Қошқарбаев – Ұлы Отан соғысы кезінде ерлік көрсетіп, Рейхстагқа бірінші болып ту тіккен батыр."   Сынып сағатында халқымыздың көрнекті тарихи қайраткері, Ұлы Отан соғысының батырына құрмет көрсете отырып, оқушылардың
1 қазан - Халықаралық қарттар күні
14
октябрь
2024
1 қазан - Халықаралық қарттар күні
  1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай Медеу ауданының әкімі Е. Оразалиннің атынан және № 47 жалпы білім беретін мектеп ұжымының атынан ауданымызда тұратын ардагер зейнеткерлерімізді мектеп оқушылары құттықтады. Мақсаты: балаларды  салт-дәстүрімізге сай  үлкенді құрметтеуге және инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.             
5 қазан — Ұстаздар күні
04
октябрь
2024
5 қазан — Ұстаздар күні
04.10.2024ж.  1-11 сынып оқушылары «Ұстаз - мәңгі нұрдың қызметшісі" тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырды.  Мақсаты: Ұстаздың адам өмірінде алатын орны зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттеріне оқушыларды баулу.    
"Үздік дене шынықтыру педагогі-2024" байқауы
04
октябрь
2024
"Үздік дене шынықтыру педагогі-2024" байқауы
Медеу ауданы №64 жалпы білім беретін мектепте  өткен, "Үздік дене шынықтыру педагогі-2024" байқауына дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.С.Асемов қатысып, 1 орынды иеленді.
"АЙТЫС  ДӘСТҮРІ"
02
октябрь
2024
"АЙТЫС ДӘСТҮРІ"
"Айтыс дәстүрі: өткені, бүгіні мен келешегі" тақырыбында 11 "Ә" сынып оқушылары арасында ашық сабақ өтті.