Орта мән. Дисперсия.Стандартты ауытқу » КГУ "Общеобразовательная школа №47"Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№47 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 254-88-79
Бухгалтер:
+7(727) 390-12-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
март
2019

Орта мән. Дисперсия.Стандартты ауытқу

Сыныбы: 8 «Ә»

Пәні: Математика 

Пән мұғалімі: Козыбакова Н.К.

Сабақтың тақырыбы: Орта мән. Дисперсия.Стандартты ауытқу

Мақсаты: 8.3.3.5 дисперсия, стандартты ауытқу анықтамаларын және оларды есептеу формулаларын білу.

Күнделікті  өмірде, экономикада, ауыл шаруашылығында , өндірісте арнайы тәсілдермен  өңделетін фактілер мен мәліметтерді көрсету қажет.Ондай мәліметтерді өңдеу үшін  статистикалық сипаттамалар қолданылады. Статистикалық сипаттамаларға арифметикалық орта, мода, медиана, ауытқу ұғымдары кіреді. 

Берілген тапсырмаларды оқып танысқаннан кейін оқушылар әр тапсырмаларға  дескриптор құрастырады: 

  • белгісіз элементті табады
  • арифметикалық ортаның мәнін табады
  • дисперсияны табу үшін формуланы қолданады
  • дисперсияны есептейді
  • орташа квадраттық ауытқуды есептейді