Қоғамдық-гуманитарлық әдістеме бірлестігінің онкүндігі аясында өткен іс-шаралар
29.01.2026 ж.күні ағылшын тілі пәні мұғалімі Макулбекова Б.Н. «Healthy life» атты тақырыпта 6 «А» сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Сабаққа директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Атанбаева Г.Н., ағылшын тілі пәні мұғалімі Жубатова Б.А. мен орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бателхан Б.С.мен Балғабаева А.С. қатысты. Сабаққа байланысты өз ескертпелерін , өз ойларын білдірді.


30.01.2026 ж.күні ағылшын тілі пәні мұғалімі Жубатова Б.А. «CLIL. Geography. Safety in the playground» тақырыбында 3 «А» сынып оқушыларымен ашық сабақ өтті. Сабаққа директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Атанбаева Г.Н., ағылшын тілі пәні мұғалімі Макулбекова Б.Н. мен биология пәні мұғалімі Шорикова Г., бастауыш сынып мұғалімі Суюндикова Г.А., қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дәукен М.Қ. қатысты. Сабақты жақсы бағалап кетті. Оқушылардың белсенділігіне жоғары баға берді.





30.01.2026 ж.күні «Тарих әлеміне саяхат» атты тақырыпта Қазақстан тарихы пәнінен 5 «Ә» сынып оқушыларымен Ибрагимова Б.Д. сыныптан тыс шара өткізді. 




03.02.2026ж.күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дәукен М.Қ. 7 «Ә» сынып оқушыларымен «Көксерек» әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесі атты тақырыпта ашық сабақ өткізді. Сабаққа директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Атанбаева Г.Н., ағылшын тілі пәні мұғалімі Жубатова Б.А. мен биология пәні мұғалімі Шорикова Г., дене шынықтыру пәні мұғалімі Асемов А.С., қатысты. Сабаққа байланысты өз ескертпелерін, өз ойларын білдірді.


04.02.2026ж.күні орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сексенбай А.С. «Кладовая солнца. Подлежащее.» атты тақырыпта 5 «А» сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Сабаққа қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дәукен М.Қ. мен ағылшын тілі пәні мұғалімі Жубатова Б.А. қатысты. Сабақты мұғалімдер жоғары бағалап, пән мұғалімінің дайындығы жақсы деп пікірлер қалдырды.

