Алматы қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен «Абайлаңыз, жұқа мұз!» қауіпсіздік акциясы білім беру нысандарында өтуде. Мақсаты: қауіпсіздік ережесінің алдын алу.
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлары: Дулыға Досмахамбетұлы Ақмолда, Жалғас Қонысбайұлы Толғанбай, Асылбек Райханұлы Боранбай және қазіргі қазақ поэзиясында өзіндік ерекше қолтаңбасы бар ақын Бақыт Беделханұлы Әлдибеков пен оқушылар арасында кездесу болып өтті. Мақсаты: оқушыларды театр өнеріне қызығушылығын арттыру.
28.11.2023ж. 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай сынып сағаттары болып өтті. Мақсаты:жас жеткіншектеріміздің санасына ішімдік, темекі, нашаның адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Күз мезгілінің соңғы айында 5-7 сынып оқушылары арасында "АЛТЫН КҮЗ - 2023" байқауы болып өтті. Байқау нәтижесінде 5"А", 5"Ә" сынып оқушылары 1 орынды иеленді. 6 "А", 6 "Ә" сыныпбы 2 орын, 7 "А", 7 "Ә" сыныбы 3 орынды иеленді.
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, мектеп инспекторы Ж.Ж. Тулепова мен ата-аналар арасында кездесуі болып өтті. Ата-аналар өздерін мазалап жүрген сұрақтарына жауап алып, пікіралмасты.
Орта білім беру ұйымдарындағы балаларды тәрбиелеу мен дамыту жөніндегі ата-аналарға педагогикалық қолдау бойынша 5"А" - 9 "А" сынып ата-аналарымен кездесу болып өтті.