Біз туралы » Страница 16 » КГУ "Общеобразовательная школа №47"Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№47 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 254-88-79
Бухгалтер:
+7(727) 390-12-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жастар арасында  діни-экстремизм мен терроризмнің алдын алу
28
октябрь
2022
Жастар арасында діни-экстремизм мен терроризмнің алдын алу
Жастар арасында діни сауаттылықты дамыту, діни-экстремизм мен терроризмнің алдын алу және кері діни ағымдарды болдырмау мақсатында: аль-Фараби Қазақ Ұлыттық университетінің философия ғылымының докторы Борбасова Қарлығаш Молдағалиевнамен  8-11 сынып оқушылары арасында кездесу болып өтті.   
11 қазан-Халықаралық қыздар күні!
22
октябрь
2022
11 қазан-Халықаралық қыздар күні!
11 қазан - Халықаралық қыздар күніне орай, Алматы қаласы, Медеу ауданы  №5 қалалық емханасынан,  акушер-гинекологы пен қыздар арасында кездесу өткізілді. Кездесу барысында  «Ерте жастағы жүктіліктің алдын-алу» тақырыбында айтылды. Гинеколог жасөспірімдер арасындағы жұқпалы аурулардың алдын-алу, ерте жастағы жүктілік пен жеке гигиенаны сақтаудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Жас ұрпақтың болашағы үшін осындай тақырыптағы іс-шараларды белсенді түрде жиі өткізіп, жастар арасында насихаттауымыз
25 қазан - Республика күні құтты болсын!
22
октябрь
2022
25 қазан - Республика күні құтты болсын!
Оқушылар арасында Республика күніне араналған спорттық ойын түрлерінен жарыстар болып өтті. Мақсаты:оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.  
1 қазан - Халықаралық қарттар күні!
20
октябрь
2022
1 қазан - Халықаралық қарттар күні!
"Қарттарым-асыл қазынам" атты тақырыпта 4 "ә", 4 "а" сынып оқушылары арасында тәрбие сағаты болып өтті. Мақсаты: Өскелең ұрпақтың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.  
Алтын күз-2022
15
октябрь
2022
Алтын күз-2022
Оқушылар сарайы "Жаяу туризм" үйірмесінің ұйымдастыруымен өткен "Алтын күз-2022" байқауында 7 "Ә" сынып оқушылары          І орынды иеленсе, 9 "Ә" сынып оқушылары ІІІ орынды иеленді.  
"Алтын күз-2022"
15
октябрь
2022
"Алтын күз-2022"
Жаяу туризм техникасы бойынша қалалық жарыста 7 "Ә" сынып оқушылары 1 орынды иеленсе, 9 "Ә" сынып оқушылары 3 орын алды.Жетекшісі: Джекешова К.У.  
Ұстаздар күні
30
сентябрь
2022
Ұстаздар күні
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының нұсқаулығымен  мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жаңдандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында Мұғалімдер күніне арналған «Дублер күні» мектепте білім алушылардың өзін-өзі басқару күнін  өткізуге арналған мұғалімдердің жетекшілігімен іс -шара  өтті.  
Шерхан Мұртазаның туылғанына 90 жыл.
29
сентябрь
2022
Шерхан Мұртазаның туылғанына 90 жыл.
Биыл-Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туылғанына 90 жыл. Осы орайда оқушыларға, мектеп кітапханасынан Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның мол мұрасын насихаттау мақсатында шығармалары ұсынылды. Оқушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығы жайында мағлұматтар берілді.  
Отбасы күні құтты болсын!
16
сентябрь
2022
Отбасы күні құтты болсын!
"Мен және әкем, анам" атты тақырыпта бастауыш сынып оқушылары мен ата-аналарының арасында спорттық ойын түрлерінен жарыстар болып өтті. Жеңіске жеткен командалар мақтау қағазы мен спорттық медальдармен марапатталды. Мақсаты: Мектеп, бала, ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту.  Отбасы баланың, азамат болып өсуінің негізі болып табылады.  Отбасының басты қызметі - бала тәрбиелеу.