Алматы қаласы Білім басқармасының
"№47 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 254-88-79
Бухгалтер:
+7(727) 390-12-14
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
СЫНЫП  САҒАТЫ
02
декабрь
2024
СЫНЫП САҒАТЫ
02.12.2024ж. «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз»  атты сынып сағаты өтті. Мақсаты: табиғат байлықтарын, құндылыұтарын, табиғатты аялай білуге, қамқорлықпен қарай білуге тәрбиелеу. Оқушыларға табиғат жайлы бейнеролик көрсетілді, өз ойларымен бөлісті.10-11 сыныптарға “Біздің күшіміз бірлікте” тақырыбындағы сынып сағатында “Бірлік” ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу және «достық» адамгершілік құндылығы туралы айтылды.
СЫНЫП  САҒАТЫ
25
ноябрь
2024
СЫНЫП САҒАТЫ
25.11.2024ж. 1-4 сынып «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі», 5-9 сынып «Суды үнемдеу», 9-11 сынып Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу тақырыптары бойынша сынып сағаттары өтілді.
"Мәңгілік ел әуендері"   хор байқауы
21
ноябрь
2024
"Мәңгілік ел әуендері" хор байқауы
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Мәңгілік ел әуендері" тақырыбында өткен, аудандық  байқаудан  мектеп оқушыларынан құралған хор ұжымы 3 орында иеленді.
Құқық бұзушылықтың алдын алу
20
ноябрь
2024
Құқық бұзушылықтың алдын алу
20.11.2024ж.  Медеу ауданы ЖПҚБ ЮПБ полиция капитаны Нұрсұлтан Аманович Несипбаев, мектеп инспекторы полиция майоры Ж.Ж.Тулепова мен 8,9,10,11 сынып оқушылары арасында кездесу болып өтті. Кездесу барысында, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық орында өзін қалай ұстау керек және қылмыстың құрбаны болмау үшін  кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері туралы айтып, түсіндірді. 
СЫНЫП  САҒАТЫ
18
ноябрь
2024
СЫНЫП САҒАТЫ
18.11.2024ж.  Интернет жүйесіндегі мінез-құлық ережелері /«Буллингтен қорған!» атты сынып сағаты өтілді. 6 «Ә» сынып жетекшісі Г.Б.Мейрамжанова тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетіп, сабақтың тақырыбын ашты. Сынып сағаты барысында оқушыларда  буллинг, кибербуллинг туралы жалпы түсінік қалыптасты. «Миғашабуыл» әдісі арқылы оқушылар пікір алмасты. Жасөспірімдер арасында белең алып отырған тәртіпсіздіктерден сақтану жолдары айтылды. 
"ӨНЕГЕЛІ 15 МИНУТ"
13
ноябрь
2024
"ӨНЕГЕЛІ 15 МИНУТ"
Білімнен бұрын саналы тәрбие беру «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында „Өнегелі 15 минут  
"Алтын күз-2024" байқауы
12
ноябрь
2024
"Алтын күз-2024" байқауы
08.11.2024ж. 5-10 сынып оқушылары арасында "Алтын күз - 2024" байқауы өтті.                                Мақсаты:оқушылардың күз мезгілі туралы түсініктері мен білімдерін кеңейту. Байқау барысында жеңіске жеткен оқушылар мақтау грамотасымен марапатталды.  
Дәрігер-наркологпен кездесу
05
ноябрь
2024
Дәрігер-наркологпен кездесу
Дәрігер-наркологпен кездесу 05.11.2024ж. Жасөспірімдер арасында ішімдік, электронды сигаретті пайдаланбаудың алдын алу мақсатында Алматы қалалық наркологиялық медико-әлеуметтік сауықтыру орталығының дәрігер-наркологы А.А.Трубникова мен 6-10 сынып оқушылары арасында кездесу болып өтті. Дәріс  барысында, алкоголь - адамды уландыратын зат екендігін және ол әртүрлі химиялық қоспалардан тұратындығын, егер оны көп мөлшерде пайдалансаң, адам ағзасын біртіндеп уландыра бастайтындығын баса айтып өтті.
СЫНЫП  САҒАТЫ
04
ноябрь
2024
СЫНЫП САҒАТЫ
04.11.2024ж. 1-4 сыныптарда «Оян, ар мен адалдық!» тақырыбында, 5-8 сыныптарда  «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» тақырыбында, 9-11 сыныптарда  «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» тақырыбына сынып сағаты өтілді. Оқушыларға адалдық, еңбекқорлық және табысқа жету жолындағы жауапкершілік туралы түсінік беру. Адал жолмен еңбек етіп, табысқа жетудің маңыздылығын ұғындыру, еңбекке деген дұрыс көзқарас қалыптастыру мақсаты көзделді.