ХАБАРЛАНДЫРУ » КГУ "Общеобразовательная школа №47"Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№47 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 254-88-79
Бухгалтер:
+7(727) 390-12-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
март
2021

ХАБАРЛАНДЫРУ

Ата-аналар назарына!!!

2021-2022 оқу жылынан бастап бірінші сыныпқа қабылдау құжаттарын "Billmportal.kz" Egov.kz электронды үкімет порталы арқылы тапсыруға болады. Құжаттарды 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында Egov.kz арқылы электронды түрде, болмаса ХҚКО-ға не мектепке барып тапсыруға болады. Egov.kz порталында құжат 1 сәуірден бастап 1 тамызға дейін қабылданады. 

Ата-аналар порталдың "Білім", "Орта білім" бөлімдеріне кіріп, өтініш беруі тиіс. Мектепке қатысты құжаттарды қоса жолдайды.                      

Қандай құжаттар қажет?    

1.Ата-аналардың немесе оларды алмастыратын тұлғалардың өтініші;

2.Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

3."Бала денсаулығының паспорты" 0267у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат; 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы бойынша құжаты;

4.Баланың 3*4 көлеміндегі 2 суреті (фото);

5.Баланың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері баласын оқыту үшін бос орын болған жағдайда кез келген білім беру ұйымын таңдай алады. Алайда бірінші кезекте сол аумақтың тұрғындарының құжаттары қабылданады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!

Бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 1 тамызға дейін қолжетімді болады.  

ҚЫЗМЕТТІ ОНЛАЙН АЛУ

1.Порталда авторизациядан өтіп, "онлайн сұратым" бастырмасын басыңыз;

2. Өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе СМС - паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).

3. Жеке кабинетте ("қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен таныстырыды @edu.almaty, @akimat_almaty^ @akimat_medeu @medeuustaz @medeu_roo