12 сәуір — Қазақстанда ғылым қызметкерлерінің күні » КГУ "Общеобразовательная школа №47"Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№47 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 254-88-79
Бухгалтер:
+7(727) 390-12-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
апрель
2022

12 сәуір — Қазақстанда ғылым қызметкерлерінің күні

«12 сәуір — Қазақстанда ғылым қызметкерлерінің күні ретінде аталып өтілуде.
Бұл Қазақстан Республикасының Президентінің 2011 жылы 20 қазанда қол қойған Қаулысымен бекітілген.
12 сәуір күні ғалымдардың кәсіби мерекесі ретінде қабылданғанын көпшілік біле бермейді.
12 сәуір — Ғарышкерлер күні екені есімізде. Жоқ, бұл ғарышкерлер күніне байланысты емес.
Қазақстан адамның көп ғасырлық арманын — ғарышқа ұшудың іс жүзінде жүзеге асырудың бесігі екені белгілі. Алайда 12 сәуір ғылым саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіретінде кездейсоқ таңдалған жоқ.
Бұл күн қазіргі Қазақстандағы ғылыми қызметті ұйымдастырудың бастауында тұрған адамның туған күнімен тікелей байланысты.
Әңгіме Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қаныш Имантайұлы Сәтпаев туралы болып отыр.
Бұл адам өзінің бүкіл өмірін туған Республикасында ғылым мен оны дамытуға арнады.
Оның туған күніне орай Қазақстанда ғылым қызметкерлері күні атап өтіледі.
Қаныш Имантайұлы Қазақ Ғылым Академиясының тұңғыш президенті ғана емес, оның негізін қалаушы, КСРО Ғылым Академиясының филиалдары мен Қазақстандағы ғылыми-зерттеу институттарын құру арқылы ғылымның дамуына қол жеткізіп, нәтижесінде Қазақ КСР Ғылым Академиясын негізін қалады.  

Атаулы күнге байланысты, 5-11 сынып оқушылары арасында сынып сағаттары болып өтті.