Алматы қаласы Білім басқармасының
"№47 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 254-88-79
Бухгалтер:
+7(727) 390-12-14
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ата-аналар жиналысы
19
март
2025
Ата-аналар жиналысы
2024-2025 оқу жылының көктемгі демалысына мектеп оқушылары шығар кезде, «Ата-аналарға педагогикалық қолдау» орталығының  жиналысы болып өтті. Мақсаты:оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу. 
Сейсможаттығу
03
март
2025
Сейсможаттығу
03.03.2025ж. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында сейсможаттығу болып өтті.
Ата-аналар жиналысы "Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету"
24
январь
2025
Ата-аналар жиналысы "Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету"
"Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету" Ата-аналарды педагогикалық қолдау көрсету орталығының жобасы аясында 1-11 сынып  ата-аналары арсында "Отбасы - бақыт бесігі", "Жасөспірімді қалай түсініп, қабылдауға болады?", "Тұлғаның қалыптасуы: тәуелсіздік құқығы"  тақырыбында  жиналыс болып өтті. Тренинг кезінде ата-аналарға  әртүрлі ойын ойнау арқылы, ата-аналар отбасына, бала тәрбиесіне деген ойларын ашып айтты.   
Құқық бұзушылықтың алдын алу
20
ноябрь
2024
Құқық бұзушылықтың алдын алу
20.11.2024ж.  Медеу ауданы ЖПҚБ ЮПБ полиция капитаны Нұрсұлтан Аманович Несипбаев, мектеп инспекторы полиция майоры Ж.Ж.Тулепова мен 8,9,10,11 сынып оқушылары арасында кездесу болып өтті. Кездесу барысында, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық орында өзін қалай ұстау керек және қылмыстың құрбаны болмау үшін  кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері туралы айтып, түсіндірді. 
"ӨНЕГЕЛІ 15 МИНУТ"
13
ноябрь
2024
"ӨНЕГЕЛІ 15 МИНУТ"
Білімнен бұрын саналы тәрбие беру «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында „Өнегелі 15 минут  
Дәрігер-наркологпен кездесу
05
ноябрь
2024
Дәрігер-наркологпен кездесу
Дәрігер-наркологпен кездесу 05.11.2024ж. Жасөспірімдер арасында ішімдік, электронды сигаретті пайдаланбаудың алдын алу мақсатында Алматы қалалық наркологиялық медико-әлеуметтік сауықтыру орталығының дәрігер-наркологы А.А.Трубникова мен 6-10 сынып оқушылары арасында кездесу болып өтті. Дәріс  барысында, алкоголь - адамды уландыратын зат екендігін және ол әртүрлі химиялық қоспалардан тұратындығын, егер оны көп мөлшерде пайдалансаң, адам ағзасын біртіндеп уландыра бастайтындығын баса айтып өтті.
Құқық бұзушылықтың алдын алу
01
ноябрь
2024
Құқық бұзушылықтың алдын алу
2024-2025 оқу жылының 1 тоқсанында мектеп инспекторы Ж.Ж. Тулепова құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ата-аналар жиналысына қатысып, бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу керектігі жөнінде әңгіме жүргізді. Бірлескен жоспар бойынша оқушылармен құқық бұзушылықтың алдын алу, зорлық-зомбылыққа жол бермеу, жол ережесі және ерте жүктіліктің
№5 емхана дәрігерімен кездесу
23
октябрь
2024
№5 емхана дәрігерімен кездесу
23.10.2024ж. "Ерте жүктілік және мәжбүрлі некелердің алдын алу шаралары" жоспары аясында Медеу ауданына қарасты қалалық №5 емхана дәрігері Г.А.Алтыбаева, мектеп медбикесі К.С.Оразалимова және мектеп инспекторы Ж.Ж.Тулепова мен 7-11 сынып қыздары арасында жиналыс болып өтті. Түсіндірмелі жұмыстар жүргізілді, қыздар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
"АЙТЫС  ДӘСТҮРІ"
02
октябрь
2024
"АЙТЫС ДӘСТҮРІ"
"Айтыс дәстүрі: өткені, бүгіні мен келешегі" тақырыбында 11 "Ә" сынып оқушылары арасында ашық сабақ өтті.   
Ата-аналар жиналысы:
26
сентябрь
2024
Ата-аналар жиналысы:
26.09.2024ж. "Бала қауіпсіздігі - қоғам келешегі" тақырыбында ата-аналар жиналысы болып өтті. Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – оқушылардың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігі туралы талқыланды.