Алматы қаласы Білім басқармасының
"№47 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 254-88-79
Бухгалтер:
+7(727) 390-12-14
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Дәрігер-наркологпен кездесу
22
октябрь
2019
Дәрігер-наркологпен кездесу
22.10.2019ж. Алматы қалалық наркологиялық медико-әлеуметтік сауықтыру орталығының дәрігер-наркологы А.А.Трубникова мен 9-сынып оқушылары арасында кездесу болып өтті. Мақсаты: оқушыларға есірткі, психотропты заттар, сонымен қатар алкогольді сусындарды тұтыну және оның адам ағзасына қаншалықты зиян екенін айтып түсіндірді. Дәрігер-нарколог пен оқушылар арасындағы кездесу келешекте оқушыларымызға дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік береді деген сенімдеміз.    
№ 5 қалалық емхананың дәрігер-гинекологымен кездесу
12
октябрь
2019
№ 5 қалалық емхананың дәрігер-гинекологымен кездесу
№ 47 жалпы білім беретін мектепте  11  қазан Халықаралық қыздар күніне байланысты Алматы қаласы Медеу ауданына қарасты №5 емхананың дәрігер-гинекологы Мустапаева Асель Елшибаевна мен 7,8,9,10 сынып қыздары арасында к ездесу болып өтті. Мақсаты:салауатты өмір салтын қалыптастыру және мектеп жасындағы қыз балалардың ағзасында жас ерекшеліктеріне қарай  физиологиялық тұрғыдан өзгерістер болатынын және ерте жүктіліктің алдын алу шаралары туралы бейнероликтер көрсету арқылы түсіндірді. Қыздарға
"Бірінші байлық денсаулық, денсаулық кепілі-тазалық"
12
октябрь
2019
"Бірінші байлық денсаулық, денсаулық кепілі-тазалық"
11 қазан Халықаралық қыздар күніне орай қыздарымыздың бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыру, дұрыс бағыт- бағдар беру мақсатында мектебіміздің медбикесі Г.Т.Шораханова  "Жеке адамның тазалығы" атты тақырыпта баяндама оқыды. Мектеп психологы Ж.О.Толыбаева жасөспірімдердің жас ерекшеліктеріне қарай мінез-құлықтарының өзгеретінін айтып, ақыл- кеңес берді.  
"Қарттарым-асыл қазынам"
02
октябрь
2019
"Қарттарым-асыл қазынам"
№ 47 жалпы білім беретін мектеп 2019-2020 оқу жылы 1 қазан Қарттар күніне орай 4 "Ә", 4 "А" сынып оқушылары  "Қарттарым-асыл қазынам" атты тақырыпта   мерекелік іс-шара өткізді және сынып сағаттары болып өтті. Мақсаты: жасөспірімдерді адамгершілікке, имандылыққа, үлкенді сыйлауға, кішіге құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.        
Қала күніне арналған мерекелік  іс-шара
16
сентябрь
2019
Қала күніне арналған мерекелік іс-шара
Медеу ауданы № 47 жалпы білім беретін мектеп оқушылары қала күніне арналған "Қуыршақ думан" атты ашық аспан астындағы шоу концертіне көпбалалы, аз қамтылған отбасы балалары қатысты  
Қамқоршылық  кеңесінің мүшелері  және жылдық жоспары 2019-2020 оқу жылы
16
сентябрь
2019
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері және жылдық жоспары 2019-2020 оқу
№ 47 жалпы білім беретін мектеп  2019-2020 оқу жылындағы қамқоршылық кеңесінің құрамы және жылдық жоспары    
Хабарландыру
08
сентябрь
2019
Хабарландыру
ХАБАРЛАНДЫРУ Құрметті ата-аналар,сынып жетекшілер! № 47 жалпы білім беретін мектеп 2019-2020 жаңа оқу жылына қамқоршылық кеңестің құрамын сайлау туралы хабарлайды. Сіздерден қамқоршылық кеңестің құрамын сайлау бойынша ұсыныстарыңызды күтеміз! Мына мекенжай телефонына хабарлассыңыздар болады. телефон:254-88-79
"Мектепке жол"  республикалық акциясы
15
август
2019
"Мектепке жол" республикалық акциясы
№ 47 жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері 2019-2020 оқу жылындағы "Мектепке жол" акциясының аясында- аз қамтылған, көп балалы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу мақсатында рейд жүргізді.  
15 мамыр - Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы
17
май
2019
15 мамыр - Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы
№ 47 жалпы білім беретін мектеп 15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай ата-аналар жиналысы болып өтті.