Бірыңғай сынып сағаты » КГУ "Общеобразовательная школа №47"Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№47 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 254-88-79
Бухгалтер:
+7(727) 390-12-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
декабрь
2020

Бірыңғай сынып сағаты

15.12.2020жыл. 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне орай "Мәңгілік ел-біздің күш қуатымыз" атты тақырыпта сынып сағаты болып өтті.

Мақсаты: Ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білімдерін тереңдету.Тәуелсіздігіміздің, егемендігіміздің тарихи белестерінен мағлұмат беру.
Биыл тәуелсіздік алғанымызға 29 жыл толды. Осы 29 жыл ішінде еліміз талай белестерді артта қалдырды.
Қазақстанның тәуелсіздік алуы ел өмірінде тарихи өзгерістердің жүзеге асыруына негіз болды. Тәуелсіздіктің әр күні, әр айы тарихи өзгерістерге толы болды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі Конституциялық заңмен белгіленеді.
1991 жылы 16 желтоқсанда «ҚР – ның Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заң қабылданды.
1992 жылы 4 маусымда ҚР – ның Жоғарғы Кеңесі Мемлекеттік рәміздерді қабылданды.
1992 жылы 1 наурызда – ҚР – ның азаматтық заңы қабылданды.
1992 жылы 15 қарашада ұлттың валюта төл теңге дүниеге келді.
1998 жылы 20 мамырда ҚР – ның астанасы – Астана қаласы болып бекітілді.

 Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні құтты болсын!