Дұрыс тамақтану – денсаулықты сақтаудың кепілі» » КГУ "Общеобразовательная школа №47"Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№47 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 254-88-79
Бухгалтер:
+7(727) 390-12-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
октябрь
2022

Дұрыс тамақтану – денсаулықты сақтаудың кепілі»

Тәрбие сағатының мақсаты:

         Оқушылардың жақсы денсаулығының, жан-жақты дамуының кепілдігі-тиімді және үйлесімді тамақтану болып саналатын, «Салауатты өмір салтының» анықтамасын ата-аналармен, мектеп дәргерімен, аспазшылармен бірлесе оытырп тұжырымдау;

Міндеттері:

Оқушылардың дұрыс тамақтануының негізгі прициптерін;

-Тамақтану сауаттылығының бес негізін;

-Тамақтану тәртібін, тамақтану мәдениетін;

-«Салауатты өмір» салтына қатысты негіздеулерді тұжырымдау, ортақ ой түю.

Қолданылатын көрнекіліктер:

-Ақпарттық мәліметтер слайдтар арқылы;

-Кеңестер слайдтар арқылы;

-Дәрумендер жиыны; Дәрумендер туралы слайдты презентациялар;

-Көкеністер мен жемістер, түрлі тағамдар бұрышы.

Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.

Дұрыс тамақтану ережелері:

  • Тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады;
  • Тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. Тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне 5 рет қабылдаған жөн;
  • Таңертеңгі асты мұқият ішу қажет. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда ағзадағы қант азайып кетеді.