Бірінші сыныпқа қабылдау 2024-2025 оқу жылы. » КГУ "Общеобразовательная школа №47"Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
Общеобразовательная школа №47"
Управления образования города Алматы
Директор:
+7(727) 254-88-79
Бухгалтер:
+7(727) 390-12-14
Версия для
слабовидящих
25
март
2024

Бірінші сыныпқа қабылдау 2024-2025 оқу жылы.

2024 жылдың 1 - сәуірі мен 31 тамыз аралығында 2024-2025 оқу жылына 1 - сыныпқа құжаттар қабылдау басталатынын хабарлаймыз!

🟢Мектепке құжаттар 💻 электрондық үкіметтің https://egov.kz/ веб-порталы арқылы тапсыра алады. Құжаттарды электронды нысанда жіберу ата-ананың немесе баланың заңды тұлғалары арқылы жүзеге асырылады.

🟢
Бастапқы білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асырушы білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағына қарасты жерде тұратын барлық алты жасқа толған балаларды және ағымдағы жылдың соңына дейін алты жасқа толатын балаларды (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы) бірінші сыныпқа қабылдауды іске асырады.
Бірінші сыныпқа тіркеу  ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейін жүргізіледі.
♻️ Қажетті құжаттар тізбесі:
• 🔸️Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын заңды тұлғалар);
• 🔸️ Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
Баланың денсаулығына байланысты құжаттар: Профилактикалық егу картасы (№065-/У) немесе (№063-/У);
•🔸️ «Бала денсаулығы паспорты» №052-2/у және (026-/У);
•🔸️ 3х4 көлеміндегі 2 дана фото.

•🔸️ Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар олардың мәртебесін айқындайтын құжаттардың бірін ұсынуы қажет:
Шетелдік-шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты (Вид на жительство);
Азаматтығы жоқ адам-азаматтығы жоқ адамның куәлігі.
•🔸️ Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар - Психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы бар анықтама.
Қызмет тегін көрсетіледі.

Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма аралығы.
Жұмыс уақыты: 09:00 - 17:00
Жұмыс телефоны: 254-88-79