22 қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күні
№ 47 жалпы білім беретін мектеп 22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күніне байланысты 7 "Ә" сыныбында "Тілім менің-тірлігімнің айғағы" атты тақырыпта тәрбие сағаты болып өтті. Мақсаты: оқушыларды ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге баулу. Қазақ тілі туралы өлең, мақал-мәтел, нақыл сөздерді оқыту арқылы оқушының сөздік қорын молайтып,тіл байлығын дамыту. Қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.