Дәрігер-наркологпен кездесу
22.10.2019ж. Алматы қалалық наркологиялық медико-әлеуметтік сауықтыру орталығының дәрігер-наркологы А.А.Трубникова мен 9-сынып оқушылары арасында кездесу болып өтті. Мақсаты: оқушыларға есірткі, психотропты заттар, сонымен қатар алкогольді сусындарды тұтыну және оның адам ағзасына қаншалықты зиян екенін айтып түсіндірді. Дәрігер-нарколог пен оқушылар арасындағы кездесу келешекте оқушыларымызға дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік береді деген сенімдеміз.