Жазғы лагерь-2022 » КГУ "Общеобразовательная школа №47"Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№47 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 254-88-79
Бухгалтер:
+7(727) 390-12-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
июнь
2022

Жазғы лагерь-2022

Мектеп жанындағы «Күншуақ» демалыс лагерінің жоспары құрылып, бекітілді. Оқушылар жазғы демалыс лагеріне уақытылы  сағат 8:30 да жиналып, ҚР-ның мемлекеттік гимнін орындаудан бастады. Мектеп медбикесі балалардың денсаулығы мен тазалығын күнделікті тексеріп отырды.

Таңғы жаттығудан кейін, мектеп ауласы мен сынып бөлмесіндегі т.б. қауіпсіздік ережелері туралы нұсқаулық берілді. 

Оқушылар күнделікті жоспар бойынша, ағылшын тілін үйренейік, шебер қолдар, спорттық ойындар үйірмелеріне қатысып, үзіліс кезінеде жағымды әуендер тыңдап, көңіл-күйлерін көтерді. Оқушылар ағылшын тілінен жаңа сөздер,тақпақтар үйренді. Бір-біріне сұрақтар қойып, сөздікпен жұмыс жүргізді. Өз отбасы туралы әңгіме құрастырды, жалпы ағылшын тілінен сабақ қызықты өтті.

Ертегілер елінде сабағында, ертегілер ішіндегі кейіпкерлерді рөлге бөліп ойнады. Оқушылар өздерінің білетін ертегілерімен бөлісті. Сол ертегінің мән-мағынасын ашты. Ертегілер арқылы оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығы күн сайын артып отырды. Шебер қолдар сабағында, балалар ермексазбен жұмыс жасады, сыртқа шығып асфальтқа суреттер салды. Түрлі-түсті қағаздардан «Табиғат ғажайыптары» тақырыбында аппликация жасады, қима қағаздардан жеміс жидектер мен көкөністер жасап, оның денсаулыққа пайдасы жайында айтты. Спорттық ойын түрлеріне байланысты, қазақтың ұлттық ойыны «Ақсерек-көксерек», «Сиқырлы таяқ», «Қол күрес», "Тоғызқұмалақ" ойыны, эстафеталық ойындар ойнатылды.

     Оқушылар сонымен қатар кинотеатрларға, саябаққа, мұражайларға саяхатқа шықты. 

Оқушылардың әр күні көңілді, қызықты өтті. Шығармашылық жұмыстарға оқушылар белсене қатысып, өз ойларымен бөлісе білді. Бір-бірімен қарым-қатынастары да жақсы болды. Оқушылар лагерден көптеген тың дүниелерді ұғып, шығармашылық қабілеттерін арттыра түсті.