"Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында атқарылған іс-шаралар. 2023-2024 оқу жылы.
Алматы қаласы, Медеу ауданы
№47 жалпы білім беретін мектеп
2023 – 2024 оқу жылы
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында
атқарылған тәрбие жұмысының
Е С Е Б І
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» өзекті мәселесін басшылыққа ала отырып, Ұлттық құндылықтар бойынша ұйымдастырылған жылдық жоспарға сәйкес іс- шаралар өз уақытында өткізіліп отырды.
І. Атап айтқанда, Ұлттық мүдде құндылығы бойынша: 2023-2024 оқу жылының 1-қыркүйек Білім күніне арналған «Мектебім-мейірім мекені!» атты салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты іс-шарада мектеп директоры Ержигитова Индира Дауленбаевна барлық ұстаздар қауымын және мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1- сынып оқушыларын жаңа оқу жылының басталу салтанатымен құттықтап, сәттілік тіледі. Мектеп табалдырығын тұңғыш аттаған жаңа өмірге қадам жасаған жас бүлдіршіндер үшін ерекше күн болды. Мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер салтанатты жиын барысында өлең шумақтарын тарту етті. Салтанатты жиын «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» атты сынып сағатымен жалғасын тапты.

Мектепке жол" акциясы
«Мектепке жол» республикалық акциясы мектеп оқушыларының толық қатысуын қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі. Акцияның ұраны: «Жақсылықты жаса.»
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.Акцияның мақсаты: аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Акцияның басталуы 2023 жылдың 1 тамызынан бастап 30 қыркүйекке дейін.

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі
Қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Барша қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде мектебімізде "Тіл-тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз" атты тақырыбында сынып сағаты болып өтті.
Оралхан Бөкейдің туылғанына - 80 жыл толуына орай сынып сағаты өтті.
Мақсаты:оқушылардың қазақ әдебиетіне деген сүйіспеншілігін арттыру, ізденімпаздыққа баулу.

19.09.2023ж. «Қожа Ахмет Ясауи – мұсылмандардың рухани ұстазы» Қожа Ахмет Ясауидің туылғанына 930 жыл толуына орай сынып сағаты өтті.
Даңқы қазір күн санап кең тарап, түркі әлемі, қазақ жұртшылығына танымал болған аса қадірлі кісі Қожа Ахмет Яссауи қараңғылық заманының аспанына жарық жұлдыздай өз арайын шашқан жалынды, жарқын бейне. Еліміз Егемдік алғанан кейін әдеби-мәдени мұраларымыздың, асыл қазыналарымыздың көзін ашты. Халқымызды қазыналы тарихына қайта бұрып, қасиетті мұраларымызды қастерлеуге нық аяқ бастық.

17 қыркүйек – Алматы күні атап өтілді. Бұл күні қала тұрғындары мен қонақтары, мерекелік фестивальдар, концерттер, жәрмеңкелер және басқа да көптеген маңызды оқиғалардың куәсі болды. Оқушыларымыз Алматы күніне арналған суреттер салды.

25.09-24.10.2023ж. «Ақындар айтысы» ЧЕЛЛЕНДЖІ өтті. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен «Ақындар айтысы» сайысына орай оқушылар арасында «Тілім – тұмарым» атты тақырыпта челлендж ұйымдастырылды.

"Деструктивті діни ағымдар және оның қоғамға әсері"
19.10.2023ж. «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» мақсатында «Деструктивті діни ағымдар және оның қоғамға әсері» атты тақырыпта оқушылар арасында түсіндірмелі жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар діни экстремизм мен терроризмнің «зорлық‑зомбылық», «қорқыныш пен үрей туғызушылық» және «кінәсіз адамдарға зиян тигізу» сынды басты белгілері, бинероликтер арқылы көрсетілді. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында: мектепішілік кезекшілік ұйымдастырылды. Мектеп қызметкерлерінің арасында да түсіндірмелі жұмыстар жүргізілді.

18.04.2024ж. Экстремизм мен терроризм жайлы түсінік беру.
Жасөспірімдер арасында экстремизм мен терроризм жайлы түсінік беру. Әлемде болып жатқан террористік әрекеттер туралы ой-санасын дұрыс қалыптастыруға бағыттау.
25 қазан - Республика күні
19.10.2023ж. Эстетикалық әдістемелік бірлестіктің ұйымдастыруымен, Республика күніне арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Республика күніне арналған челленджі
Республика күніне орай 23.10.2023ж. сағат 12:00 де бірыңғай мемлекеттік гимнді орындау челленджі ұйымдастырылды. Бұл челлендж білім алушылардың патриоттық рухын тәрбиелеуде үлкен маңызы бар. Республика күні – еліміздің елдігін, мемлекетіміздің рәміздерін айқындайтын мазмұны терең, ұлы мереке.

24.10.2023 ж. Таңғы сағат 8:00 де Республика күніне орай салтанатты жиын болып өтті. Тарих пәнінің мұғалімі С.С.Сулеев, оқушыларға еліміздің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамы жайлы мәліметтер айтты.

24.10.2023ж. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туылғанына 130 жыл.
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына орай мектеп оқушыларына, жазушының шығармаларына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Халық жазушысы Тахауи Ахтанов
Қазақстан Халық жазушысы Тахауи Ахтановтың 100 жылдығына орай кітапханада шағын көрме ұйымдастырылды.

"Жас ақындар айтысы"
2023 жылғы 24 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 12.00-де бір мезгілде барлық өңірлерде, республиканың әрбір елді мекенінің барлық мектептерінде «Ақындар айтысы» импровизатор-ақындардың сайыстары өткізілді.

30.11.2023ж. Театр және кино майталмандарымен кездесу
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлары: Дулыға Досмахамбетұлы Ақмолда, Жалғас Қонысбайұлы Толғанбай, Асылбек Райханұлы Боранбай және қазіргі қазақ поэзиясында өзіндік ерекше қолтаңбасы бар ақын Бақыт Беделханұлы Әлдибеков пен оқушылар арасында кездесу болып өтті. Мақсаты: оқушыларды театр өнеріне қызығушылығын арттыру.


16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде салтанатты жиын болып өтті. Тарих пәнінің мұғалімі С.С.Сулеев оқушыларға қазақ халқының тәуелсіздікке жету жолындағы ерліктері мен жетістіктері туралы айтып, түсіндірді.

«Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы!» мерекелік іс-шара өтті.
Іс - шараның мақсаты: балалардың патриоттық сезімдерін ояту туған жерінің елінің болашағына үлес қосып, тәуелсіздік үшін бостандық, еркіндік үшін өздерін құрбан еткен ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін насихаттау, үлгі ету.

"Тәуелсіздік арманы еді халқымның!"
14.12.2024ж. "Тәуелсіз Қазақстан балалар көзімен" тақырыбында сурет көрмесі
Әбілхан Қастеевтің туылғанына 120 жыл.
09.01.2024ж.Әбілхан Қастеевтің туылғанына 120 жыл толуына байланысты сынып сағаты болып өтті. Мақсаты:Оқушыларды қазақтың белгілі суретшісі Әбілхан Қастеев туралы білімдерін толықтырып, суретшінің өмірбаяны мен қыл қаламынан туған шығармаларын таныстыру. Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік арқылы эстетикалық тәрбие беру.

16.01.2024ж. «Жігіт сұлтаны 2024» байқауының мектепішілік кезеңі
Мақсаты: Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерін дамыту. Байқауға қатысатындар: 7,8,9 сынып оқушылары.

«Жігіт сұлтаны 2024» байқауының аудандық кезеңі
18.01.2024ж. «Жігіт сұлтаны 2024» байқауының аудандық кезеңіне 9 "Ә" сынып оқушысы Аяпбергенов Ернұр қатысып, мақтау грамотасымен марапатталды.

1 ақпан - Дүниежүзілік сайлау күні
30.01.2024ж. 1 ақпан - Дүниежүзілік сайлау күніне байланысты 8,9 сынып оқушылары арасында сынып сағаты болып өтті. Мақсаты: Дүниежүзілік сайлау күнін белгілеу арқылы қоғам санасында демократияландыру процесін жүйелеу, сайлау процесіндегі жетістіктер туралы халықты хабардар ету және сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға бейімділікті қалыптастыру болып табылады.
Жыл сайын ақпанның алғашқы бейсенбісінде барлық елдерде 2005 жылы Будапештте сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде құрылған Дүниежүзілік сайлау күні аталып өтеді. Биыл мереке 1 ақпанда өтеді.
Дүниежүзілік сайлау күнін атап өту дәстүрі Еуропа елдерінің сайлауын ұйымдастырушылар қауымдастығыменбасталған, ал Қазақстан Республикасы оның толық құқылы мүшесі болып табылады.

16.04.2024ж. 5-11 сынып оқушылары арасында «Республикалық референдум туралы не білу керек?» атты бірыңғай сынып сағаттары болып өтті.
08.02.2023ж. Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби -сазды кеш ұйымдастырылды. Мақсаты: Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған Мұқағали Мақатаевтың өмірі,шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіретін таныту, ақынның өлеңдеріне арнап салынған қылқалам туындыларымен таныстыру.

13.02.2024ж. Шәкен Аймановтың 110 жылдығына арналған тәрбие сағаты
Мақсаты: оқушыларға Шәкен Аймановтың өмірінен қысқаша мағлұмат беру және қазақ киносының дамуына қосқан үлесі жайлы түсіндіру.

20.02.2024ж. Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу сәтінен
Ауған Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Ауған соғысының ардагерлері полковник Атықанов Алик Атықұлы мен Танабаев Алтынбек ағаларымыз бен кездесу кеші болып өтті. Мақсаты: Отан алдында патриоттық рухы мықты, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету.

27.03.2024ж. 1 наурыз алғыс айту күніне арналған «1 наурыз - Алғыс айту күні» тақырыбында сынып сағаты болып өтті.
Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту,
ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру;
Көктемнің алғашқы күні, 1 наурызда Қазақстан халқы алғыс айту күнін атап өтеді. 2016 жылы елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының мәжілісінде 1 наурызды алғыс айту күні деп бекітті.
Алғыс айту күні күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні.
01.03.2024 ж. «Мың алғыс бәріне! » тақырыбында бастауыш сыныптары мерекелік іс-шара өткізді. Мектеп әкімшілігі,оқушылар, ұстаздар қатысты.

"Ата-ана тәрбиесі - балаға үлгі" аудандық семинар
2024ж. 12 наурыз күні Алматы қаласы Медеу ауданына қарасты № 47 жалпы білім беретін мектебінде Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында – Ұлттық, мүдде құндылықтарына негізделген «Ата-ана тәрбиесі – балаға үлгі» тақырыбында аудандық семинар болып өтті.
Семинарға ауданның 28 мектебінің директорлары қатысты.

15.03.2024жыл. Мектебімізде, наурыз мейрамына байланысты іс-шара ұйымдастырылды.
Мақсаты: Ұлттық дәстүріміз бойынша өтетін Наурыз мерекесінің ерекшелігін, табиғат пен адамнын байланысын, салт-дәстүрін, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.Қазақтың әдет-ғұрпын, тіліміз бен дінімізді құрметтеуге, имандылыққа тәрбиелеу.
18 наурыз – Ұлттық киім күні. Ұлттық киімге арналған бұл күн ата-бабамызды, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарды еске алатын ерекше кезеңге айналады. Ғасырлар бойы қазақтың ұлттық киімі қарапайым әрі әдемілігімен ерекшеленіп келді.

20.03.2024ж. «Домбырашылар челленджі»
Наурыз мейрамына арналған Домбырашылар челленджіне 7 "Ә" сынып оқушысы Сатыбалды Ертұран қолдап, өз өнерін көрсетті, әлеуметтік желіге жарияланды.

"Қыз - ұлттың айнасы" қыз сыны байқауы
05.04.2024ж. Мектебіміздің 9 "Ә" сынып оқушысы Тоқпейсова Еркежан, Медеу ауданы № 30 мектеп-гимназиясында 9-11 сынып қыздары арасында ұйымдастырылған "Қыз - ұлттың айнасы” атты қыз сыны байқауына қатысты. Мақсаты: Біртұтас тәрбие бағдарламсы аясында қазақ халқының әдет-ғұрпын насихаттайтын өскелең ұрпақ тәрбиелеу, нәзік жандылар бойына рухани байлық дарыту. Байқау барысында ару қыздарымыз 5 кезең бойынша бақ сынап, өнерлерін ортаға салды.

1 мамыр - Қазақстан Халықтарының Достық, Бірлік, Ынтымақ күні...
29.04.2024ж. 1-7 сынып оқушылары арасында 1 мамыр мерекесіне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

24 мамыр күні «Білімім - Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
24.05.202ж. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ұйғаруымен 24 мамырда барлық мектепте оқу жылының аяқталуына арналған «Білімім - Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді. 9,11 сынып оқушылары “Мен. Мектеп. Ұстаз” тақырыбында эссе жазды. Оқушылар мектеп қабырғасындағы балалық шақтан болашаққа қадамы туралы өз ойларын қағазға түсіріп, жылы естелік, арман-мақсаттарымен бөлісті.

24.05.2024ж. «Соңғы қоңырау-2024» 11 сыныптары үшін соңғы қоңырау болып өтті.

04.06.2024ж. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. 4 маусым – еліміздің тәуелсіздігін, бірлігін және болашағымызды бейнелейтін маңызды мереке. Бұл күні біз мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеп, олардың мән-мағынасын түсінуге арналған іс-шаралар өтеді.

14.06.2024ж. 9,11 сынып оқушылары өздерінің көптен күткен құжаттарын, негізгі мектеп курсын аяқтағаны туралы аттестаттарын алды. Жас түлектерді құттықтап, аттестаттарын тапсыру үшін сөз мектеп директоры Ержигитова Индира Дауленбаевнаға берілді. Мектеп директоры түлектерге жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.

ІІ. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» өзекті мәселесін басшылыққа ала отырып, «АР –ҰЯТ» құндылықтары аясында
12.09.2023ж. «Менің отбасым» тақырыбында сынып сағаты, спорттық ойын түрлерінен жарыстар болып өтті. Мақсаты: жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ата-аналар жиналысы
22 қыркүйек күні ата-аналар жиналысы болып өтті. Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
Тақырыбы: «Отбасы тәрбиенің басты ұясы»
Күн тәртібінде:
Мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстыру
Тұмаудың алдын алу
Жиналыс соңында ата-аналардан сауалнама алынып, ой бөлісті.
Мектеп психологы: Ж.О.Толыбаева «Баланы жазасыз тәрбиеле» тақырыбында бейнеролик көрсету арқылы ата-аналарға кеңес берді.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Н.Сейсебекова, күнделік KZ электронды журналының қызметі туралы ата-аналарға түсіндірді.
Мектеп психологы: Ж.О.Толыбаева «Баланы жазасыз тәрбиеле» тақырыбында бейнеролик көрсету арқылы ата-аналарға кеңес берді.
Мектеп инспекторы Ж.Ж.Тулепова құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, қазіргі кезде жастардың көп әуестеніп жүрген электронды шылым туралы және зорлық-зомбылыққа, буллингке байланысты заң аясында айтып өтті.

Асхана меңгерушісі: Будукулов Салават ас мәзіріне байланысты ата-аналарды мазалап жүрген сұрақтарына жауап берді.

1 қазан - Халықаралық қарттар күні
Қарттар күніне байланысты ауданымызда тұратын еңбек ерлерін оқушыларымыз үйлеріне барып құттықтап, өз өнерлерін көрсетіп, жылы лебіздерін білдірді. Қарияларымыз да өз кезегінде балаларға алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді. 
05.10.2023ж. «Ұстаз — мектептің жүрегі»
Ұстаздар күніне байланысты өзін - өзі басқару ұйымының басшылығымен мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

ДУБЛЁР КҮНІ! "Ұстазыма мың алғыс" 
12.09.2023ж. Бірыңғай "АДАЛДЫҚ САҒАТЫ" болып өтті.

Сынып жетекшілер байқауы
17.11.2023ж. Сынып жетекшілер арасында "Бүкіл әлем менің сыныбымды" атты тақырыпта байқау болып өтті. Жеңімпаз атанған 8 "А" сынып жетекшісі А.Ж.Жаулыбай, 9 "Ә" сынып жетекшісі Ұ.Е.Тілеубек аудандық байқауға жолдама алды.

АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Ата-аналарды педпгогикалық қолдау бағдарламасы аясында 1-11 сынып ата-аналарына жоспар бойынша сынып жетекшілері сабақ өтуде.
Мақсаты: ұлттық құндылықтарымызды насихаттау және жастардың бойына Қазақстандық патриотизм мен азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
“ДОСБОЛLIKE” достық қолын ұсын республикалық акциясы
22.01.2024ж. «ДОСБОЛLIKE» бағдарламасын іске асыру бойынша Алматы қаласының білім беру ұйымдарының арасында оқушылардың жағымды қарым-қатынастары мен эмоционалдық әл-ауқатын дамыту және құқықтарын қорғау мақсатында “ДОСБОЛLIKE” достық қолын ұсын республикалық акциясы басталды.
АКЦИЯ ҰРАНЫ: НАҒЫЗ ДОСЫҢНЫҢ БОЛҒАНЫН ҚАЛАСАҢ – ДОС БОЛ!
Акция 2024 жылдың 17 қаңтардан бастап, 17 ақпанға дейін жалғасады.
“ДОСБОЛLIKE” акциясы мектеп оқушыларының арасында позитивті, сыйлы қарым-қатынасты, достықты, адамгершілік қасиетті нығайтуға бағытталған.

21.02.2024ж. «Әкелер мектебі» жобасының Мақсаты:
Отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ата-аналардың жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру.

28.02.2024 ж. 1 «А» сынып оқушылары арасында «Оқуға құштар мектеп» жобасына аясында тәрбие сағаты болып өтті.

29.02.2024 ж. күні «Ұлы даланың ұлттық құндылығы» атты мұғалімдер арасында сайыс өтті.

Қаңтар-ақпан айында «Оқуға құштар мектеп» жобасына аясында байқау ұйымдастырылды. Оқушылар берілген әдеби оқулықтарды 1 ай уақыт ішінде оқуы қажет, ай соңында тест алынады. Тест нәтижесімен 1,2,3 орын иелерін анықтап, оларға сыйлық таратылады. Кітап жас ерекшеліктеріне қарай таңдалды. 5-6 сынып оқушылары «Бату және оның достарының алтын тостағанды іздегені» кітабын, 7-8 сынып «Вавилондағы ең бай адам », 9-11 сыныптар «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабын оқуы керек. 
Байқауға туралы Хабарлама бір ай бұрын жарияланды, балалар белсенді қатысты. Байқауға қатысушылардың жалпы саны 25 оқушы. Жоспар бойынша 9-шы ақпан күні оқылған кітап негізінде тест алынып, жеңімпаздар анықталды. Жеңіске жеткен жас оқырмандар мақтау қағазы мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

06.03.2024ж. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында өткізілген «ЭтноFEST» байқауына 11 «Ә» сынып оқушысы Махмуд Аяулым 9 «Ә» сынып оқушысы Аяпбергенов Елнұр қатысып, белсенділік танытты.

06.03.2024ж. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мақсаты: Ана жайлы өлеңдер, әндер арқылы аналарды, ұстаздарды құттықтау. Оқушыларды білімге, адамгершілікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу.

Ата-аналар жиналысы
27,28 наурыз күндері ата-аналар жиналысы болып өтті.

04.05.2024ж. "Ардагерлерді мерекемен құттықтау"
9 мамыр - Жеңіс күніне орай ауданымызда тұратын соғыс ардагерлерін 6-9 сынып оқушылары мерекемен құттықтап қайтты.

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» өзекті мәселесін басшылыққа ала отырып, «ТАЛАП» құндылықтары аясында
12.09.2023ж. «Аналар күні!» тақырыбының аясында «АНАМ, ӘКЕМ және МЕН» бастауыш сынып оқушылары арасында спорттық ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. 
19.09.2023 жылы "Еңбек күні" қарсаңында қалалық бірыңғай сынып сағаты, челлендж өтті. Сынып сағатының мақсаты: Оқушылардың еңбек туралы түсініктерін кеңейту; Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, адал еңбек жасай білу дағдыларын дамыту, еңбекке қызығушылықтарын арттыру және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
20.10.2023ж. Республикалық «ВЕЙПСІЗ ӘЛЕМ» балалар Челленджі
«ВЕЙПСІЗ ӘЛЕМ» балалар Челленджінің мақсаты – балалар арасында салауатты өмір салтын ұстану, вейпингтің зияны туралы хабардар болу және балаларды вейпинг сияқты жаман әдеттерден бас тартуға және оларды белсенді және сау әрекеттермен алмастыруға шабыттандыру.
Іс-шара балалардың физикалық және психологиялық денсаулығына ықпал етуге, сондай-ақ оларды салауатты өмір салтына ынталандыруға арналған.

«ВЕЙПСІЗ ӘЛЕМ» республикалық балалар челленджіне белсене қатысқаны үшін 5 "А", 7 "А" сынып жетекшілері мен оқушылары марапатталды.
Гинеколог дәрігермен кездесу
23.11.2023ж. Алматы қаласы Медеу ауданы №5-ші емхананың гинеколог дәрігері А.Мустафаева мен 8-11 сынып қыздары арасында кездесу болып өтті. Мақсаты: жасөспірім қыздармен «Репродуктивті денсаулықты сақтау» тақырыбында әңгіме жүргізді. Гинеколог қыз баланың басты мақсаты болашақта ана болу екенін, сондықтан жастайынан денсаулықтарын күту, жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау маңызды екенін атап өтті. Оқушылар дәрігерді мұқият тыңдап, өздерін қызықтырған барлық сұрақтарын қойып, сауатты жауаптар алды.
Алтын күз - 2023
24.11.2023ж. Күз мезгілінің соңғы айында 5-7 сынып оқушылары арасында "АЛТЫН КҮЗ - 2023" байқауы болып өтті. Байқау нәтижесінде 5"А", 5"Ә" сынып оқушылары 1 орынды иеленді. 6 "А", 6 "Ә" сыныпбы 2 орын, 7 "А", 7 "Ә" сыныбы 3 орынды иеленді.
1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні
28.11.2023ж. 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай сынып сағаттары болып өтті. Оқушылар «Біз СПИДке қарсымыз» тақырыбында суреттер салды.
Мақсаты:жас жеткіншектеріміздің санасына ішімдік, темекі, нашаның адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
«Тәуелсіз елдің салауатты жастары» (спорттық ойындар)

Кәсіби бағыт бағдар беру жұмысы
09.01.2024ж. 9-11 сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру мақсатында: жоғарғы оқу орындарынан, колледждерден мамандар келіп, кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.

Кәсіптік бағыт бағдар беру
Еңбек мобильдік орталағының маманы Еркеш Садыковнамен және Құрлық әскерлері Әскери институтының мамандарымен 9,10,11-сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар бойынша кездесу болып өтті.

22.06.2024ж. "БАРД" әні байқауы
Алматы қаласы "Оқушылар сарайы" туристік өлкетану бөлімінің "Жаяу туризм" бірлестігінің педагогы Джекешова Кенже Үркімбайқызының жетекшілігімен үйірмеге қатысушы 9 "А" сынып оқушылары Бард бағытындағы әндердің фестивальіне қатысып, 9 "А" сынып оқушысы Шеленко Руслан "Ең үздік ән" номинациясы бойынша марапатталды.
30.03.2024ж. "Жаяу туризм" үйірмесі
«Жас құтқарушылар» байқауы
10 "Ә" сынып 
ЖАЯУ ТУРИЗМ
03.05.2024ж. 10 "Ә" сынып оқушылары "Жаяу туриз" үйірмесінің мүшелері. 
"АЛМАТЫ БАЛА FEST" - 2024 ж.
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Алматы БАЛА FEST» қалалық балалар фестивалі өтуіне байланысты мектепішілік "Жұлдызды сәт", «Бояулар құпиясы», «Өнерлі бала» байқауы болып өтті. Үздік деп танылған оқушылар аудандық, қалалық жарыстарға қатысты.
«Жұлдызды сәт» номинациясы бойынша 7 "Ә" сынып оқушысы Сатыбалды Ертұран, 9 "Ә" сынып оқушысы Аяпбергенов Ернұр, 3 «Ә» сынып оқушысы Иемберді Еркеназ, 4 «Ә» сынып оқушысы Мейрбекұлы Алихан аудандық жарыста 2 орынды иеленді.
«Өнерлі бала» номинациясы бойынша 3 «Ә» сынып оқушысы Амангелді Сезім аудандық байқауға қатысып, 2 орын алып, қалалық байқауға жолдама алды.
Фестивальдің мақсаты – балалардың шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін дамыту.

Оқушы жетістігі
12.02.2024ж. Алматы қаласында өткен кёкушинкай каратэден чемпионатында Нұрахмет Нұрсұлтан 1 орынды иеленді. Жеңіс құтты болсын!
27.02.2024ж. Қарағанды қаласында өткен кёкушинкай каратэ чемпионатында 7"Ә" сынып оқушысы Оралхан Нұрислам 1 орынды жеңіп алды.
Оқушы жетістігі
2 "А" сынып оқушылары.
1 маусым - Балаларды қорғау күні!
03.06.2024ж. 5 "Ә" сынып оқушысы Акимжанова Фатима 1 маусым - Балалады қорғау күніне арналған сурет байқауына қатысып, 2 орынды иеленді.
08.04.2024ж. "АЛМАТЫ - БІЗДІҢ ОРТАҚ ҮЙІМІЗ" акциясы басталды
Мақсат - біздің сүйікті қаламыз одан да жақсы және әдемі болуы үшін барлық ниеттес тұрғындарды біріктіру. Бұл тек тазалық пен тәртіпке ғана емес, сонымен бірге өзіміз бірге жасаған құндылықтарға ұқыпты қарауға да қатысты.

09.04.2024ж. "АЛМАТЫ - БІЗДІҢ ОРТАҚ ҮЙІМІЗ" сынып сағаты
10.04.2024ж. 7 "А", 7 "Ә" сынып оқушылары "Қоқысыңды сұрыпта" акциясына байланысты, арнайы қоқыс жәшігі орнатылды.

12.04.2024ж. Бастауыш сынып оқушылары "Құстарға үй сыйла" акциясына белсенді түрде қатысты.

«Алматы - біздің ортақ үйіміз»,«ЖЕР ЖҮЗІНДЕГІ ҮЗДІК ҚАЛА» сурет

17.04.2024ж. "Мектеп ауласын абаттандыру" акциясы
"АЛМАТЫ - БІЗДІҢ ОРТАҚ ҮЙІМІЗ"

ТАЗА ҚАЛА
19.04.2024ж. Мектеп оқушылары "Алматы-біздің ортақ үйіміз" акциясының аясында Медеу мұз айдынының аумағын тазалады.

25.04.2024ж. "Біз салауатты өмір мен экология үшін" спорттық эстафета
"АЛМАТЫ - БІЗДІҢ ОРТАҚ ҮЙІМІЗ"

"Қалдықтардан жасалған ғажайыптар" көрмесі
30.04.2024ж. "Алматы-біздің ортақ үйіміз" акциясы 1 "А", 2 "А" сынып оқушылары.

"Отбасыңмен ағаш отырғыз" акциясы
03.05.2024ж. "Алматы - біздің ортақ үйіміз" акциясы

"Алматы-біздің ортақ үйіміз"
06.05.2024ж. Мектеп бітіруші 9 "А" сынып түлектері ағаш отырғызды
Қауіпсіздік ережелерін сақтау мақсатында: 2023-2024 оқу жылының әр тоқсанында яғни каникулға шығар кезінде, оқушыларға, ата-аналарға алдын ала қауіпсіздік ережелері туралы ескертіліп және оқушылардың демалыс кезінде қайда болатыны туралы ақпараттар беріледі. Сынып сағаттарында жолда жүру ережесі, өрт қауіпсіздігі, суда жүзу қауіпсіздік ережелері туралы айтылып, бейнероликтер көрсетілді. Мақсаты: Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.
"Жол ережесін білесің бе?"
2023-2024 жаңа оқу жылының басында, Алматы Менеджмент Университетінің студенттері мектебімізге арнайы келіп, "Қоршаған ортаны қорғау" және "Жол ережесін білесің бе?" тақырыбында бастауыш сынып оқушыларына бейнероликтер көрсетті. Балаларға қоршаған ортаға, жол ережесіне байланысты сұрақтар қойып, ойын ойнатты. Балалар өте жақсы көтеріңкі көңіл-күйде, қызығушылықпен сұрақтарға жауап берді.
«Абайлаңыз, жұқа мұз!» қауіпсіздік акциясы
Алматы қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен «Абайлаңыз, жұқа мұз!» қауіпсіздік акциясына оқушыларымыз белсенді түрде қатысты. Мақсаты: қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережесінің алдын алу.
Жол қауіпсіздігі....
10.05.2024ж. Жолда жүру ережесіне байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Азаматтық қорғаныс кезіндегі қауіпсіздік шаралары
Оқушыларға жер сілкінісі, тау көшкіні, су тасқыны, өрт т.б. табиғи апаттар туралы түсінік беру және сақтық шараларын үйрету.
Төтенше жағдайлардың алдын алу кезінде жұмыс орындары мен пәтерлерде радио желісі тәулік бойы жұмыс атқарып тұруға тиісті, себебі, тұрғындар алдын ала хабардар болуы керек. Хабарландыру сигналдары, эвакуация жасау шаралары мен ережелерімен танысып, соған алдын ала дайын болу керектігі ескертілді.
2023-2024 оқу жылында әр тоқсан сайын сейсможаттығулар жоспарға сай өтіп тұрды. 
1 наурыз - Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні. Осы іс-шараға орай мектебімізде табиғи апаттан қорғану, соның ішінде жер сілкінісі кезінде үйде, мектепте өздерін ұстауы және алғашқы көмек көрсету бойынша сақтық шарасы өтті. Мектебіміздің басшысы, алғашқы әскери даярлық пәні мұғалімі, мектеп медбикесі және сынып жетекшілер оқушыларды нұсқаулықтармен таныстырды. Әр баланың өмірі қымбат екенін айтып өтілді.
"КҮНШУАҚ" жазғы сауықтыру лагері
27.05-07.06.2024ж. "Күншуақ" жазғы сауықтыру лагерінің балалары жазғы демалыстарын көңілді өткізді.
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының демалысын, бос уақытын және сауықтыруын қамтамасыз ету.
Бірінші күннен оқушылар мәдениетті демала білді. "Арман" кинотеатрына кино көру мен қатар Абай ескерткішін, Республика сарайын тамашалады, мұражайға барды. Табиғат аясына саяхатқа шығып, таза ауада демалып, қозғалмалы ойындар ойнап қайтты. Сонымен қатар қуыршақ театрына, Хайуанаттар бағына барып, саябақты тамашалады. Балмұздақты жақсы көрмейтін бала жоқ шығар. Балалар балмұздақ жеп, жақсы көңіл - күймен үйлеріне қайтты.
"Күншуақ" жазғы сауықтыру лагерінің әр күні көңілді өтті. Оқушылар достық қарым-қатынаста болды, табиғат аясында, көлікте, көшеде және қоғамда жүріп-тұру ережелерін сақтауды үйренді, жаттығу жасап, таза ауада серуендеп денсаулықтарын жақсартты, ой-өрістері қалыптасты.
2023-2024 оқу жылындағы мектепішілік іс-шаралар «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» – ұлттық, адами құндылықтар негізінде атқарылды.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты:
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.
Жастардың бойында азаматтық пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрін дәріптеуге, әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерін оқып үйренуге, салауатты өмір сүру дағдыларына, рухани- адамгершілік құндылықтар арқылы іс-әрекетін қалыптастыруға тәрбиелеу басты міндетіміз.
ДТІЖО: Абдисалимова М.С.













