2022 жылда «Мектепке жол» Республикалық акциясын өткізу » КГУ "Общеобразовательная школа №47"Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№47 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 254-88-79
Бухгалтер:
+7(727) 390-12-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022 жылда «Мектепке жол» Республикалық акциясын өткізу
26
июль
2022

2022 жылда «Мектепке жол» Республикалық акциясын өткізу

 2022 жылы «Мектепке жол» Республикалық акциясы (бұдан әрі – Акция) балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы  19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде өткізіледі.

Акцияның ұраны: Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық.

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.

Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Акцияның басталуы 2022 жылдың 1 тамызынан, аяқталуы - 2022 жылдың 30 қыркүйегінде.

КОНЦЕПЦИЯ

проведения республиканской акции «Дорога в школу» в 2022 году

В 2022 году республиканская акция «Дорога в школу» (далее – Акция) проводится в рамках реализации Года детей, объявленного  Указом Президента Республики Казахстан от 19 января 2022 года №780 в целях обеспечения охраны прав и защиты интересов детей.

Девиз Акции: Дорога в школу - Добро без границ.

Каждый гражданин Республики Казахстан может проявить гражданскую активность в оказании посильной адресной помощи в подготовке в школу детей из социально-уязвимых слоёв населения, внимание и настоящую заботу каждому ребёнку, чтобы его дорога в школу была радостной.

Цель Акции - оказание материальной поддержки школьникам из малообеспеченных и многодетных семей, детям-сиротам, а также детям, оставшимся без попечения родителей, во время подготовки к началу учебного года и предупреждение неявки детей в школу по социальным причинам.

Старт Акции планируется с 1 августа 2022 года, завершение – 30 сентября 2022 года.