Қамқоршылық кеңесі » КГУ "Общеобразовательная школа №47"Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№47 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 254-88-79
Бухгалтер:
+7(727) 390-12-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
июль
2022

Қамқоршылық кеңесі

№ 47 жалпы білім беретін мектеп

Басшының орынбасарының педагогтермен, оқушылармен, ата-аналармен және т.б. жұмыс барысында іске асатын инициативалары

Ақпарат

«Қайырымдылық көмек»

     Мектебіміздің  ата-анасы Гауһар Нұрланқызының жеке бастамасымен  30  отбасына азық-түлікпен қайырымдылық көмек көрсетті.  Әсіресе, пандемия кезінде метебіміздің ата-аналары, мектеп ұжымы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларын азық-түлікпен  қамтамасыз етті.

      № 47 мектеп әкімшілігі аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға азық-түлік пен кеңсе тауарларымен үнемі көмек көрсетіп келеді. 

    Мектебіміздің жанындағы  «Медеу» азық-түлік дүкенінің директоры Сұлтанов Болат Темірбекұлы біздің шағын учаскедегі Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне үнемі қайырымдылық көмек көрсетеді.

Сонымен қатар жылда жаңа оқу жылында  аз қамтылған, көпбалалы отбасыларына қолдау көрсетіп,  азық-түлікпен  және кеңсе заттарын сыйға береді.

     Мектеп әкімшілігінің қатысуымен сенбі сайын «Директорлық сенбі-ата-аналар үні» атты тақырыпта мектеп ата-аналары арасында жиналыс өтіп тұрады. Күн тәртібінде қаралатын мәселелер: санитариялық - эпидемиологиялық жағдайға байланысты, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу; құқықбұзушылықтың алдын алу және психологтың ата-аналарға кеңесі.

 

    «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен 10-15 желтоқсан аралығында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мектепішілік «Рухты әндер» байқауы болып өтті. Жеңіске жеткен сыныптарды мақтау грамотасымен және кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен сыйлықтар берілді. Атқарылған іс-шараға 1-11 сынып оқушылары белсенді түрде атсалысты.

    Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Н.Т.Жұмаділовтің ұйымдастыруымен өткен «Азаттық жыры» атты саптық ән байқауына №12 мамандандырылған гимназияның алғашқы әскери пәнінің мұғалімі қонаққа шақырылды.


 Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Алматы қаласының Білім басқармасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің хатына сәйкес 2021 жылғы  20 қазан-20 қараша аралығында Дүниежүзілік балалар күніне арналған "Бала құқығы-адам құқығы" атты республикалық айлық өтуіне орай  ата-аналар арасында мектеп инспекторы Н.Б. Кумисбаевамен кездесу болып өтті.

Ата-аналар өздерін мазалаған сұрақтарына жауап алып, ой бөлісті. 

 

     Мектебімізде салауатты өмір салтын сақтау мақсатында  отбасылар арасындағы «Әкем, анам және мен» спорттық ойын түрлерінен сайыстар ұйымдастырылып тұрады. Оқушыларға салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы екенін түсіндіру, тәрбиелеу. Ата-ана мен баланың арасындағы бірлік пен татулық қасиеттерін нығайту.

    Бұл жарыс - отбасылардың қатысуымен  өтетін тәрбиелік маңызы зор іс-шара.

     Спорт – денсаулық кепілі десек, «Әке, ана және мен» отбасылық  сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Біріншіден, дені сау ұлттың қалыптасуына атсалысады, екіншіден іс-шараға қатысқан әр отбасыға рухани және мәдени мереке сыйлайды.

     Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  2022 жылды "Балалар жылы" деп жариялауына байланысты, мектебімізде балаларға арналған іс-шаралар ұйымдастырылып, жүзеге асуда. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері бастауыш сынып оқушылары арасында "Көңілді старт" спорттық ойын түрлерінен жарыстар өткізді. Мақсаты -ең алдымен денсаулығы мықты, шыныққан, білімді ұрпақ тәрбиелеу.

 

      Еңбек, экологиялық тәрбиеге байланысты оқушылар арасында «Алтын күз» тақырыбында  1-11 сынып оқушылары арасында жыл сайын байқау болып өтіп тұрады.. Мақсаты: оқушыларға табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы  білімдерін кеңейту, күз мезгілінің берекелі ай екенін айтып, түсінік беру, балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

 

      Жастарды еңбекке баулу және мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру маңызды  істердің бірі. Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді. Болашақтағы кәсіби мақсатына дұрыс бағыт алған оқушы бойындағы қабілетін шығармашылықпен дамыта білсе сапалы маман ретінде қалыптасатыны белгілі. Кәсіптік бағыт бағдар беру мақсатында оқу орындарынан арнайы мамандар келіп, 9-11сынып оқушыларына әртүрлі мамандықтар жайында ақпараттар берді. Кәсіптік бағдарға байланысты ақпаратпен ата-аналармен бөлісіп отырамыз.

 

 

ДТІЖО:             Абдисалимова М.С.