«20 игі іс – Мейірлі қызмет» » КГУ "Общеобразовательная школа №47"Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№47 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 254-88-79
Бухгалтер:
+7(727) 390-12-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
март
2019

«20 игі іс – Мейірлі қызмет»

 «Қолымыздан қайрат, санамыздан ақыл кетпесе, жақсылыққа жетеріміз хақ»- деп президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, қайырымлыдық пен жақсылық жасау ақылды да білімді, айналасына шуағын шаша білетін, еліне жаны ашитын адамның қолынан келері анық. Қайырымдылық саласына елбасымыз жіті көңіл бөліп келеді. Бұл туралы өзінің халыққа жолдауында да  айтып өткен болатын. Қазіргі таңда қайырымдылық жасау мақсатында көптеген шаралар ұйымдастырылып келеді. Атап айтар болсақ,  Алматыда бастау алған «1000 игілікті іс» акциясы, «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясы, «20 ізгі іс» ауқымды ұлттық акциясы және басқа да көптеген шаралар ұйымдастырылды.

    Кемеңгер басшымыздың игілікті бастамасын жалғастыру мақсатында   қайырылымдық акциясы ұйымдастырылған болатын. Шара барысында Ермекбаева Гульнара Омирбековна бастаған Алматы қаласы Білім саласын бақылау департаментінің қызметкерлері ұжым болып 28 ақпан 2019 жылы Медеу ауданы, № 47 жалып білім беретін мектепте білім алып жатқан көп балалы отбасыларға Омарова Гульдана Турдакыновна  қол ұшын созып, көмек көрсетті. Әр жанұяға азық-түліктер, оқушыларға арналған құрал-жабдықтар, тұрмысқа қажетті заттар тапсырылды. Гульдана Омирбековнаға мектебіміздің көп-балалы ата-аналары атап айтқанда, Шабен Күләш, Дүйсебаева Динара, Абдуллаев Зиятбай  алғыстарын жаудырып, жылы лебіздерін айтып, жұмысына табыс тіледі.

   Алдағы уақытта атқарылған ізгілікті істер жалғасын табатынына сеніміміз мол. Еліміздің болашағы қайырымды ұрпақ қолында!