№47 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Суюндикова Гульнара Алашевнаның шығармашылық есебі » КГУ "Общеобразовательная школа №47"Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№47 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 254-88-79
Бухгалтер:
+7(727) 390-12-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №47 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Суюндикова Гульнара Алашевнаның шығармашылық есебі
24
ноябрь
2018

№47 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Суюндикова Гульнара Алашевнаның шығармашылық есебі

 №47 жалпы  білім  беретін  мектептің  бастауыш  сынып  мұғалімі

Суюндикова  Гульнара  Алашевнаның  шығармашылық  есебі

             Қоғамда болып жатқан өзгерістер білім беру ісінде, оқытуда бүгінгі жаңа технология жетістерін пайдалана отырып ұстаздардың өз еңбегіне жаңаша қарауын талап етеді. Ғылыми-технологиялық прогресс пен өркениетті даму дәуіріне бет бұру кезеңінде жаңа қоғамға лайықты саналы, білімді, жеке тұлға қалыптастыруға бүгінгі мектеп алдында тұрған негізгі мәселе. Сондықтан да қазіргі өмір талабына сәйкес оқу-тәрбие жұмыстарын жақсарту, білім беру жүйесін демократияландыру, ізгілендіру, рухани жетілдіру арқылы мектеп қабырғасында, жан-жақты, сөйлеу тілі дамыған, білімді, өмір сүруге бейім, іскер, өзіндік ой-талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлға қалыптастыру жолға қойылып  отыр.  №47 жалпы  білім  беретін  мектептің  ұжымы  да  бұл  үдерістен  қалыс  емес. Әр  аптада  екі  қауымдастықтың  ұйымдастыруымен  мұғалімдер  арасында  жаңа  әдіс-тәсілдермен  бөлісу  мақсатында  семинарлар  ұйымдастырылып  отырады.

                          <!--[if gte vml 1]> <!--[if !vml]--><!--[endif]-->

    Үнемі шығармашылықпен жоспарланып, алдына нақты мақсат қойған, әдістемелік тұрғыдан дұрыс құрылған сабақтар  ғана  өз жемісін береді деген  ұстанымда  топ  жетекшілері  Ибраимова Баян  Данабекқызы  мен Суюндикова  Гульнара  Алашқызы  мұғалімдерге  зерттеу, іздендіру  бағытындағы тапсырмаларды түрлендіріп беріп  отырады.

        <!--[if gte vml 1]> <!--[if !vml]--><!--[endif]-->   <!--[if gte vml 1]> <!--[if !vml]--><!--[endif]-->

                                              <!--[if gte vml 1]> <!--[if !vml]--><!--[endif]-->

     Оқытудың әдіс-тәсілдер күнделікті еңбек барысында мұғалімнің осы салаға сіңірген сапалы қызметі нәтижесінде байып кеңейеді, белгілі бір ғылыми жүйеге түседі. Сабақ кезінде білім берудің мемлекеттік стандарт талаптары, оқушының білім аясы, мөлшері, білім беру сабақтастығы, берілген білімнің түпкі нәтижесі ескеріледі. Оқушы білімнің түпті нәтижесіне жету деген сөз жаңаша оқыту технология талаптарын қатаң сақтаудан туындайды.

                                             <!--[if gte vml 1]> <!--[if !vml]--><!--[endif]-->

       Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңы білім берудің ұлттық моделін дамыту бағытындағы мақсаттарды көздейді. Осы тұрғыда білім беруді жаңашаландырып, оның жаңа жүйесін жасап, дәстүрлі жүйеден ерекше болуын қамтамасыз ету басты парыз. Бүгінгі ұстаздар қауымның бала тәрбиелеудегі, білім берудегі озық ұстанымдар мен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашу, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, жол ашуына түрткі жасау-міне, бүгінгі білім беру, тәрбие ісінің басты міндеті.

                                             <!--[if gte vml 1]> <!--[if !vml]--><!--[endif]-->

      Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесін ең басты міндеті-білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтардың білім дейгейі халықаралық дәрежеге жетелеу. Демек, ескі сүрлеуден арылып, жаға жолдан іс бастайтын сәт ұстаздар қауымына туған тәрізді. Мұғалімдер алдында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу қажеттілігі тұр.

           <!--[if gte vml 1]> <!--[if !vml]--><!--[endif]-->   <!--[if gte vml 1]> <!--[if !vml]--><!--[endif]-->

      Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық әдістерін меңгермегенше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа әдіс мұғалімнің өзін-өзі дамытып жан-жақты маман болу үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

 

                                                <!--[if gte vml 1]> <!--[if !vml]--><!--[endif]-->

     Сабақта тиімді жұмыс түрлерінің жан-жақты орындауының, ойластырылуы мұғалімнің біліктілігімен әдістемелік шеберлігіне байланысты. Ұстаз үшін ең басты мәселе-оқыту әдісін дұрыс тандай білу.

             <!--[if gte vml 1]> <!--[if !vml]--><!--[endif]-->    <!--[if gte vml 1]> <!--[if !vml]--><!--[endif]-->

         Осындай бағытта жұмыс жасалғанда ғана мектептегі білім беру сапасын жоғарлатуға болады.Неге десеңіз, білім беру сапасының жоғарлауы мұғалімнің және педагогикалық ұжымның идеяларының, оның жұмыс тәсілі мен әдісінің сапалы нәтижеге беретін тиімді тәжірибе іспеттес оқу-тәрбие үрдісінде өтетін шығармашылық жұмысының жемісі.