14
май
2020
Ұлы Отан соғысының ардагерімен кездесу.
06.05.2020ж. № 47 жалпы білім беретін мектеп әкімшілігі, Ұлы Отан соғысының ардагері Шангерей Жаныбеков Жаныбековичтің арнайы үйіне барып, Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесімен құттықтап, ардагер ағамызға денсаулық, ұзақ өмір, отбасына амандық, ашық аспан тіледік.
Кездесу барысында ардагер, сұрапыл соғыс жылдары басынан кешкен оқиғаларын айтып, есіне алды. Шангерей Жаныбекович жас ұрпаққа жақсы тілектерін айтып, өзінің жазған «О пройденном пути и добрых попутчиках» атты кітабын мектебімізге сыйға тартты.
Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсету - бұл біздің басты борышымыз. Біз үшін әрбір соғыс ардагері - Ұлы тарих.

















