Ұлы Отан соғысының ардагерімен кездесу » КГУ "Общеобразовательная школа №47"Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№47 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 254-88-79
Бухгалтер:
+7(727) 390-12-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
март
2020

Ұлы Отан соғысының ардагерімен кездесу

2020 жылдың 13 наурызында № 47 ЖЖБ мектеп әкімшілігі, Медеу ауданы әкімдігінің өкілдерімен бірге Ұлы Отан соғысының ардагері Чаринцев Алексей Афанасьевичті арнайы үйіне барып, 95 жылдық мерейтойымен құттықтап, отбасыларына бақыт, ашық аспан, дендеріне саулық-амандық тіледік.

Кездесу барысында ардагер, сұрапыл соғыс жылдары басынан кешкен оқиғаларын айтып, есіне алды. Бүгінгі таңда еліміз бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқанын, еліміздің басты міндеті халықтың бірлігін және тыныштығын сақтап қалу екендігін атап өтті.

Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсету - бұл біздің басты борышымыз. Біз үшін әрбір соғыс ардагері - Ұлы тарих.