1 қыркүйек- Білім күні! » КГУ "Общеобразовательная школа №47"Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№47 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 254-88-79
Бухгалтер:
+7(727) 390-12-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2021

1 қыркүйек- Білім күні!

          Биылғы жаңа оқу жылы атаулы оқиғаларға толы болып отыр.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа –тұс келіп отырған мектебіміздің 50 жылдық мерейтойы құтты болсын!  Бүгін мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндер үшін  ерекше күн болмақ, себебі көптен күткен төл  ӘЛІППЕміз де қайта оқылымға берілді, сонымен қатар биыл мектебімізден 12 түлек қияға қанаттарын қағып, өздерінің өмір көкжиегіне самғап, жоғары оқу орындарының түлектері атанып, бес оқушымыз грантқа оқуға түсті. Бұл оқушыларымыз мектебіміздің және білім берген ұстаздарымыздың мерейін көтеріп, мақтанышымызға айналды. Солардың ізбасарлары мектеп табалдырығын алғаш аттағалы тұрған 1-сынып шәкірттерін алғашқы Білім күнімен құттықтаймыз!