Іс-шаралар » Страница 15 » КГУ "Общеобразовательная школа №47"Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№47 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 254-88-79
Бухгалтер:
+7(727) 390-12-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
АҚБОТА
27
февраль
2023
АҚБОТА
1 "Ә" сынып оқушыларының жетістіктері.
"БАРД" әндері байқауы - 2023
25
февраль
2023
"БАРД" әндері байқауы - 2023
Алматы қаласы "Оқушылар сарайы" туристік өлкетану бөлімінің "Жаяу туризм" бірлестігінің педагогы Джекешова Кенже Үркімбайқызының жетекшілігімен үйірмеге қатысушы 8 "А" сынып оқушылары, Бард бағытындағы әндердің фестивальіне қатысып, жүлделі үшінші орынға ие болды.
"Жолда жүру ережесін сақтаймыз"
23
февраль
2023
"Жолда жүру ережесін сақтаймыз"
23.02.2023ж. Алматы қаласы, Медеу аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмаған жасөспірімдер инспекторы Ж.Ж.Тулепова бастауыш сынып оқушыларына "Жолда жүру ережесін сақтаймыз" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: Оқушыларды жол белгілерімен, жол ережесімен таныстыру. Жол ережесін сақтамаған жағдайда жарақат алу қаупі бар екендігін айтып түсіндірді. Балаларды көшеде жүргенде жол ережесін бұзбай, қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға баулу. 
Темірбек Жүргенов
21
февраль
2023
Темірбек Жүргенов
Мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің туылғанына - 125 жыл толуына байланысты 8 "Ә", 9 "Ә" сынып оқушылары арасында әдеби сазды кеш ұйымдастырылды. Сабақтың мақсаты:Темірбек Жүргеновтің өмірі мен қызметі туралы оқушыларға мәлімет беру. Өз елінің тарихи тұлғаларына құрметпен қарауға баулу. 
АҚБОТА
17
февраль
2023
АҚБОТА
Жалпы білім беретін мектептерге арналған зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздары 1 "А" сынып оқушылары.         
Сейсможаттығу
16
февраль
2023
Сейсможаттығу
2023 жылдың 16-ші ақпанында сейсможаттығу өткізілді Мақсаты: мектептің дайындық дәрежесін анықтау және төтенше жағдайлардың алдын алу.Сейсможаттығуға мектептің білім алушылары мен мектеп ұжымы қатысты. Қатысушыларға өрт, су тасқыны, қаркөшкіні, жер сілкінісі қауіп төнген кездегі іс - қимыл тәртібі жайында айтылды.  
"Көктем аруы-2023"
16
февраль
2023
"Көктем аруы-2023"
«Қыз Жібек» бағдарламасы аясында 8-10 сынып қыздары арасында "Көктем аруы-2023" байқауы болып өтті. Мақсаты:қыз балаларды ұлттық тұрғыда халқымыздың әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін қадірлеу, ұлтжанды, отансүйгіштік сезімдерге баулу, тәрбиелеу. Байқау барысында қыздарымыз өз өнерлерін ортаға салды. Жеңіске жеткен қыздарымыз мақтау грамотасымен марапатталды.
ПОНИ
16
февраль
2023
ПОНИ
Халықаралық  "ПОНИ" конкурсының жеңімпаздары  1 "А" сынып оқушылары               
Мұқағали Мақатаев
15
февраль
2023
Мұқағали Мақатаев
« Жазылар естеліктер мен туралы»  Оқушылар сарайында өткен «Жазылар естеліктер мен туралы" атты ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқудан көркемсөз оқу байқауына қатысып, өнер көрсеткені үшін  9 "Ә" сынып оқушысы Нағашбайқызы Ақерке, 3 "А" сынып оқушысы Аминов Марк ДИПЛОМ мен марапатталды. 9 "Ә" сынып оқушысы Нұрсұлтанова Айдана  ІІ орынды иелерді.     
Мамандықты дұрыс таңдау-болашақтағы жетістіктің кепілі!
14
февраль
2023
Мамандықты дұрыс таңдау-болашақтағы жетістіктің кепілі!
9-11 сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру мақсатында: Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінен, Еуразия аграрлық колледжінен, Алматы Бизнес колдеджінен, Инновациялық техникалық колледжінен мамандар келіп кәсіптік бағдар беру жұмысын өткізді.