Іс-шаралар » Страница 39 » КГУ "Общеобразовательная школа №47"Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№47 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 254-88-79
Бухгалтер:
+7(727) 390-12-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
16 желтоқсан Тәуелсіздік күні
13
декабрь
2019
16 желтоқсан Тәуелсіздік күні
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне байланысты 9 "Ә" сынып оқушыларының ұйымдастыруымен мектепішілік мерекелік іс-шара және Қазақ қатынас жолдары университетіне қарасты Спорт сауықтыру кешенінің директоры Н.Ә.Бейсеев пен жеке кәсіпкер Н.А.Далабаевамен кездесу болып өтті. Мақсатымыз: жас ұрпақты тәуелсіздік жолында құрбан болған ата-бабаларымыздың ерлігін үлгі ету, өткен тарихымызға деген құрметті, ұлттық көзқарасты қалыптастыру. Оқушыларға бостандық, теңдік, тәуелсіздік,
1 желтоқсан-Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні
04
декабрь
2019
1 желтоқсан-Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні
27.11.2019жыл. Алматы қалалық наркологиялық медико-әлеуметтік сауықтыру орталығының дәрігер-наркологы А.А.Трубниковамен кездесу болып өтті. Кездесу барысында оқушыларға зиянды заттардың адам ағзасына тигізер зияны, зардабы туралы түсіндірді. Сонымен қатар ғасыр дертіне айналып бара жатқан СПИД-тің әлемді жайлап бара жатқаны жайлы біршама мәліметтер берді және осы дерттен сақтану жолдары мен ауруға қарсы күрес шараларымен таныстырды.  
1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні
30
ноябрь
2019
1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні
29.11.2019ж. Тұңғыш президент күніне байланысты бірыңғай сынып сағаты болып өтті. Мақсаты: оқушыларға қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен жері, оқып білім алған жылдары, қызмет еткен жерлері, марапаттары туралы мағлұмат беру. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын, туған жерін сүйе білетін, азаматтық адамгершілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.   
1 желтоқсан  Қазақстан Республикасының Президенті күні
21
ноябрь
2019
1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Президенті күні
21.11.2019ж. Медеу ауданы әкімшілігі мен білім бөлімі, қалалық "Nur Otan" партиясының қолдауымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мұрағатына арнайы мектеп оқушыларына экскурсия ұйымдастырды. Мақсаты:жас ұрпақ Тәуелсіз Қазақстан тарихының неден бастау алғанын және Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, туған жерін, халқын сүюге, адалдыққа, азаматтыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.  
Бала құқығы
16
ноябрь
2019
Бала құқығы
2019 жыл-Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдауының 30 жылдығы мен ратификациялауының 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында 13 қараша күні "Бүгінгі шақ және болашақ: әр бала үшін қорғаныс қамтамасыз етілген балалық шақ" атты Дүниежүзілік сабағы өткізілді.  Мақсаты:адам құқықтарын сақтау, бала құқығын меңгерту, өмірлік жағдаяттарда кездескен проблемаларды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету және балалардың экономикалық, әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз ету.  
"Алтын қазына" балалар шығармашылығының байқауы
27
сентябрь
2019
"Алтын қазына" балалар шығармашылығының байқауы
№ 47 жалпы білі беретін мектеп Қалалық "Алтын қазына" көркем және сәндік-қолтаңбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының көрме байқауына мектебіміздің оқушылары қатысып, белсенділік танытқандары үшін мақтау қағазымен марапатталды.  8 "Ә" сынып оқушысы Еркенбеков Даулет  "Қиялдағы мүсін" атты тақырыпта гиппстен тұлпардың мүсінін жасап, 1 орынды иеленді. Іс-шараның мақсаты: балалардың көркем,шығармашылық қабілеттерін дамыту, рухани-адамгершілікке және мәдени құндылықтарға баулу.