Қоғамдық-гуманитарлық әдістеме бірлестігінің онкүндігі аясында өткен іс-шаралар
Онкүндік барысында 5-11 сынып аралығында оқушыларға «Көркем жазу» конкурсы және «Кино әлемі» конкурсы өтетіні жарияланды.



02.02.2026 ж.күні көркем жазу «Үздік дәптер» атты конкурсымыз жас ерекшеліктеріне қарай таңдалды. 5-7 сынып , 8-11 сынып оқушылары өздерінің үздік деп санаған қазақ, орыс, ағылшын тілі дәптерлерін тапсыру қажет болатын.
Балалар белсенді қатысты , соның ішінде үздік атанған дәптер иелеріне сыйлық тарту етілді.
5-7 сынып оқушылары арасында Султамуратова Гауһар, Мейіржанқызы Айару, Ерсімбек Аяжан, Абылғазы Бағым. 8-11 сыныптар арасында Асылбек Айару, Султамуратова Әсем, Ким Снежана, Анарбек Жібек үздік дәптер иегерлері атанды.
04.02.2026ж.күні 7-11 сыныптар арасында «Кино әлемі» атты конкурс болып өтті. Қазақ сынып оқушыларына «Менің атым- Қожа», «Қыз Жібек», «Көксерек», «Оян,Қазақ!», «Көшпенділер» фильмдерін, ал орыс сыныптарына «Менің атым- Қожа», «Қыз Жібек», «Собачье сердце», «Анна Каренина» , «Мастер и Маргарита» фильмдерін көруді алдын-ала мектеп қабырғасына жарияланды. Оқушылар белсенділік танытты. Жүлделі орын алғандар: орыс сыныптарынан- Кравцова Анастасия, Литвинов Лев, Скиба Ирина, Сегізбай Алисұлтан, қазақ сыныптарынан- Оралбекова Назерке, Нұрақын Мерей, Нүркен Айдос, Жаныбек Аружан. Аталған оқушыларға әдістеме бірлестігі атынан сыйлық тарту етілді.
05.02.2026 ж.күні «Оқып, ой түй!» атты шарамызда Сейілбек Мырзабайдың «Балалықтан даналыққа» атты кітабін мұғалімдер арасында талқылап, өте қызықты ойларын ортаға салды.

Онкүндіктің жабылу салтанатында аудандық , қалалық олимпиадада орын алған оқушыларға грамота тапсырылды. Бірлестік отырысында онкүндіктің өту барысы талқыланды.


