МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫН ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ » КГУ "Общеобразовательная школа №47"Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№47 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 254-88-79
Бухгалтер:
+7(727) 390-12-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
сентябрь
2020

МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫН ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

Жалпы ереже

1.1. Мектеп кітапханасын пайдалану ережелері мектеп кітапханасы оқырмандарына қызмет көрсетуді ұйымдастырудың жалпы тәртібін, кітапхана мен оқырманның құқықтары мен міндеттерін көрсетеді.

  1. Оқырмандардың кұқықтары
    • Кітапхананы пайдалану құқығы оқушыларға, педагогикалық жұмысшылар мен басқа мектеп қызметкерлеріне және оқушылардың ата-аналарына беріледі.
    • Кітапхана қорының құрамы туралы толық ақпарат алу.
    • Кітапхана абонементі қорынан кез келген құжатты уақытша пайдалануға алу.
    • Кітапхана тарапынан өткізілген іс-шараларға қатысу.

2.5.3аң бойынша бекітілген тәртіпте кітапхана қызметкерлерінің заңсыз, оқырман құқығын шектейтін әрекеттеріне шағым жасау.

3.                  Кітапхананы пайдалану тәртібі

3.1    .Мектеп оқушылары кітапханаға сынып тізіміне сәйкес жеке келіп, ал мектеп қызметкерлері мен ата-аналар - жеке бас куәлігі немесе басқа да құжаттар арқылы жазылады.

3.2. Әрбір оқырманға бекітілген үлгі бойынша оқырман формуляры толтырылады. Оқырман формуляры кітапхана қызметкерінің кұжаттарды оқырманға берген және қабылдаған күні жазылатын дәлел куәлігі.

3.3. Кітапханаға жазылу кезінде оқырман кітапхананы пайдалану Ережелерімен танысып, оқырман формулярына танысқандығын растап қол қояды.

3.4.оқырмандарға құжаттар 7 күндік мерзіммен беріледі. Бір уақытта берілген құжаттардың саны (оқулықтарды есептемегенде) үштен аспауы керек.

Ескерту. Берілген құжатқа басқа оқырмандар тарапынан сұраныс болмаған жағдайда пайдалану мерзімі ұзартылады.

  1. 0қу, әдістемелік әдебиеттер оқырмандарға бағдарламаға сәйкес (оқу жылының соңында міндетті қайта тіркелу бойынша) беріледі. Бағдарлама бойынша сабақтарда оқытылатын көркем әдебиеттер оқу бағдарламаларына сәйкес мерзімге беріледі.
    • Кітапхана қорындағы кезекті құжаттар оқырманның бұрын алған, пайдалану мерзімі асып кеткен құжаттарын тапсырғанда ғана беріледі.
    • Жиі кездесетін және бағалы кітаптар, альбомдар, анықтамалық басылымдар үйге берілмейді.
    • Кітапхананың ішінде жұмыс істеуге берілетін кұжаттардың санына шек келтірілмейді.

4.                  Оқырмандардың жауапкершіліктері мен міндеттері

4.1. Кітапханаға жазылу кезінде оқырман кітапхананың тіркеу құжаттарын толтыруға қажетті мәліметтерді айтуға міндетті.

4.2.0қырман мектептен кеткен жағдайда оған тіркелген барлық кітапхана қорының құжаттарын тапсыруға міндетті.

4.3.0қырман келесі міндеттерді орындауға тиіс:

  • алынған құжаттарды кітапхана бекіткен мерзімде тапсыру;
  • кітапханадан тіркеусіз құжаттарды алмау;
  • кітапханаға тағаммен немесе сусынмен, сыртқы киіммен кірмеу;
  • сағыз шайнамау;
  • мұғалімсіз сабақ уақытында кітапханада жүрмеу;
  • кітапхана қорына ұқыпты қарауға (кітаптарда белгілер жасамау, сызбау, кітап беттерін жыртпау, бүктемеу);
  • кітапханада тыныштық сақтау, ашық сөрелерде тұрған кітаптардың орнын ауыстырмау;
  • құжаттарды алу барысында оқырман оны анықтап қарап, ақауларын байқаған жағдайда кітапханашыға айту;
  • кітапханадан алынған кез келген басылым үшін оқырман формулярына қол қою (14 сыныптардан басқа);
  • құралдарға ұқыптылықпен қарау;
  • кітаптар мен компьютерді пайдалану ережелерін сақтау (қосымшаны қара);
  • тыйым салынған сайттарды пайдаланбау, компьютер ойындарын ойнамау, Е-mаіІ кірмеу.
    • Кітапхана қорының құжаттарын жоғалтқан немесе оған зиян келтірген оқырман дәл сондай немесе кітапханашы теңдес деп санаған құжатты тапсыру керек. Ауыстыруға болмайтын жағдайда басылымның бағасына сәйкес құнын өтеу қажет. Жоғалған, бүлінген кітаптардың бағасы кітапхана қызметкерінің есеп құжатында берілген коэффиңиентке сай анықталады.
    • Кәмелетке толмаған оқырмандар кітапхана қорынан құжатты жоғалтқан немесе зиян келтірген жағдайда ата-аналары немесе қамқоршылары жауапты болып саналады.
    • Кітапхананы пайдалану Ережелерін бұзған оқырмандар кітапхана бекіткен мерзімге алу құқығынан айрылуы мүмкін. Заңда қаралған айрықша бұзушылық үшін оқырман әкімшілік, азаматтық-кұқықтық немесе қылмыстық жауапқа тартылады.

5.                  Оқырмандарға қызмет көрсету бойынша кітапханашының міндеттері

5.1. Танысуға мүмкін орында ілінген кітапхананы пайдалану Ережелеріне сәйкес оқырмандарға қызмет көрсету.

5.2. Кітапханада жұмыс істеу үшін оқырмандарға қолайлы жағдай жасау.

  1. Оқырмандар туралы мәліметтерді ғылыми және кітапханалық-өндірістік жағдайдан басқа мақсатта пайдаланбау.

5.4. Қордағы құжаттар туралы оқырмандарға толық ақпарат беру.

5.5.Оқырмандарға қажетті әдебиеттерді таңдауда көмек көрсету.

5.6.Оқырмандарға каталогтармен, картотекалармен, библиографиялық және ақпараттық материалдарды қолдануға мүмкіндік жасау.

  • Оқырмандарға жүйелі түрде жаңадан түскен кұжаттар жайлы ақпарат беру.

5.8. Кітапханаға кұжаттардың уақытында тапсырылуын және оқырмандар тарапынан кітапхананы пайдалану Ережелерінің орындалуын қадағалау.