Ауаның құрамы, қабығы. Ауа райын болжау. » КГУ "Общеобразовательная школа №47"Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№47 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 254-88-79
Бухгалтер:
+7(727) 390-12-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
декабрь
2018

Ауаның құрамы, қабығы. Ауа райын болжау.

Пәні:Дүниетану

Мұғалім:Туткабаева Ә.Н.

Сынып:4"ә"

Сабақтың мақсаты: Ауаның құрамы және қасиеттерімен таныстыра отырып, «атмосфера» ұғымын қалыптастыру.

Ауа райы және табиғат құбылыстары туралы білімдерін байланыстыра отырып, табиғат, өсімдік және жануарлар арасындағы байланысты түсіндіру.Табиғатты қорғай білуге, аялауға, табиғатқа өз үлесін тигізе білетін азамат болуға тәрбиелеу.

Көрінбейтін сиқыршы әңгімесі:
   Жер бетінде көрінбейтін сиқыршы бар.Онымен әркім әркез кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің де, бірақ маңайда екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты, терезені ашты. Көшеде жүріп бара жатсаң,жапырақтың жұлынып түсіп, жоғарылай жөнелгенін көресің. Оны көрінбейтін сиқыршы алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Мұндай сиқыршыны көрмейсің де.Күнделікті ісі, мінез-құлқы бізге таныс. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді. Онсыз сен дем ала алмайсың, тіршілік болмайды. 
-Бұл не?

-Ауа