Балалар жұмысы » Страница 6 » КГУ "Общеобразовательная школа №47"Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№47 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 254-88-79
Бухгалтер:
+7(727) 390-12-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
2022 ЖЫЛ – БАЛАЛАР ЖЫЛЫ
25
февраль
2022
2022 ЖЫЛ – БАЛАЛАР ЖЫЛЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  2022 жылды "Балалар жылы" деп жариялауына байланысты, мектебімізде балаларға арналған іс-шаралар ұйымдастырылып, жүзеге асуда. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері бастауыш сынып оқушылары арасында "Көңілді старт" спорттық ойын түрлерінен жарыстар өткізді. Мақсаты -ең алдымен денсаулығы мықты, шыныққан, білімді ұрпақ тәрбиелеу.  
"ДЕБАТ"
25
январь
2022
"ДЕБАТ"
25.01.2022Ж. "Ұшқыр ой алаңы" мектеп оқушылары арасында республикалық пікірсайыс (дебат) турнирінің мектепішілік кезеңі болып өтті. Турнирдің мақсаты: өскелең ұрпақтың бойынa қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру; жауапкершілік сезімін ояту, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, туған жері мен елінің мәселелерін талқылауға және шешуге баулу; мектептегі дебат қозғалысын дамыту, танымал ету және қолдау.  
"Қар-Барысы"
21
декабрь
2021
"Қар-Барысы"
Іле-Алатау Мемлекеттік Ұлттық табиғи саябағында "Қар-Барысы" апталығында ұйымдастырылған сурет көрмесіне белсене қатысқандары үшін 5 "А" сынып оқушылары Ахременко Ева,Укубаева София марапатталды.   
Тәуелсіздігімізге 30 жыл
14
декабрь
2021
Тәуелсіздігімізге 30 жыл
16 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне орай оқушылар арасында спорттық ойын түрлерінен жарыстар болып өтті.  
Сабақтан тыс іс-шара
13
декабрь
2021
Сабақтан тыс іс-шара
«Даланың дара ұстазы»                                                                                                                          Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай 9 "Ә" сынып оқушылары арасында сабақтан тыс тәрбие сағаты болып өтті.          Мақсаты: жазушы, этнограф, Ы. Алтынсариннің өмірін, еңбектерін, шығармашылығын оқыта отырып, өлеңдері мен әңгімелерінде көтерілген мәселелердің өзектілігін ұғындыру, ұлы тұлғалар есімін қастерлеуге тәрбиелеу.  
Ашық тәрбие сағаты
07
декабрь
2021
Ашық тәрбие сағаты
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай 5 "Ә" сынып оқушылары арасында сабақтан тыс іс-шара болып өтті. Мақсаты:Оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу. Тәуелсіздік жайлы түсініктерін арттыру.  
1 желтоқсан-ҚР-ның Тұңғыш Президенті күні
29
ноябрь
2021
1 желтоқсан-ҚР-ның Тұңғыш Президенті күні
29.11.2021ж. Тұңғыш Президент күніне орай бастауыш сынып оқушылары арасында спорттық ойын түрлерінен жарыстар болып өтті. Жеңіске жеткен сыныптар мақтау грамотасымен марапатталды.  
Нашақорлықтың алдын алу іс-шаралары
17
ноябрь
2021
Нашақорлықтың алдын алу іс-шаралары
1 желтоқсан СПИД-пен күресудің әлемдік күніне байланысты, мектебімізде  дәрігер-нарколог А.А.Трубникова мен 5,7,8,9- сынып оқушылары арасында кездесу болып өтті. Мақсаты: салауатты өмір салтын ұстану, түсінік беру.     
"Ең үздік сынып сағаты"
12
ноябрь
2021
"Ең үздік сынып сағаты"
12.11.2021ж. "Ең үздік сынып сағаты" атты байқаудың төңірегінде 5 "Ә" сыныбымен "Бала тәрбиесінде отбасының құндылықтары" атты тақырыпта сынып сағаты болып өтті. Мақсаты: отбасылық құндылықтарды дамыту және толық нығайту үшін жағдайлар жасау.  Отбасы мен қоғамда қабылданған адамгершілік және әлеуметтік-мәдени құндылықтарға сәйкес олардың жеке басының жан-жақты дамуын (адамгершілік, эстетикалық, әлеуметтік-жеке, интеллектуалды, физикалық) қамтамасыз ететін жалпы мәдениетті қалыптастыру.