Адалдық сағаты » КГУ "Общеобразовательная школа №47"Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№47 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 254-88-79
Бухгалтер:
+7(727) 390-12-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
декабрь
2020

Адалдық сағаты

«Сәкеннің өнегелі жолы» тақырыбында адалдық сағаты...

«Сәкеннің өнегелі жолы» тақырыбында өмірі мен шығармашылығы әділдік пен адалдық қағидаларымен ұштасқан Сәкен Сейфуллиннің рухани-адамгершілік мұрасына арналған дәстүрлі онлайн адалдық сағаты өтті.

Сәкен Сейфуллин – мемлекет және саяси қайраткер, ақын және жазушы, қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі.

Сәкен Сейфуллиннің сан қырлы күрделі болмысындағы ерекше қасиеттерінің бірі – жас ұрпақтың білім-ғылымына деген адалдығы.

Ол жас ұрпаққа көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауды өзінің міндеті деп санады.

Оның поэзиясының басты идеясы – дос қадірін білу, достыққа адалдық. Ақын адалдық пен арамдық, мансап пен ар-ұждан, достық пен қастықтың аражігін аша жазып, адам үшін құнды байлық – достықты жырлап өткен.

Жас ұрпақты париоттыққа, Отанын сүюге, халық тілегін іс жүзіне асыруда қандай қауіп қатерден де қорықпай, қиындықты жеңе білуді үлгі етуде Сәкендей тұлғаның орны ерекше.